Жігітке 50 үйден тыйым
Бақытжан Бұқарбай "Қызға қырық үйден тыйым болса, жігітке елу үйден тыйым" деген екен. Сауын айтып, оқырмандардың көмегімен 50 тыйымның тізімін де жариялапты. Біршамасын өз атынан да қосқан. Бұл "елу тыйым" дегенмен келісесіздер ме? Алып-қосарыңыз бар ма?
✅ Жігітке 50 үйден тыйым:
1. Құмар ойнауға;
2. Дінді өз мүддесіне сай өзгертуге;
3. Жалған намысқа салуға;
4. Біреудің жеке өміріне араласуға;
5. Ата-бабасымен ғана мақтана беріп, өзі әрекет етпеуге;
6. Ауызға келгенді бөсіп сөйлей беруге;
7. Сұрамаған адамға ақыл айтуға;
8. Еріншек, жалқау болуға;
9. Өз ісіне жауапкершілік алудан қашуға;
10. Екі сөйлеп, екі жүзді болуға;
11. Өтірік айтуға;
12. Қызға қол көтеруге;
13. Қызға тіл тигізуге;
14. Ерсі күлуге;
15. Жарына еркіндік бермей, дамуына жағдай жасамауға;
16. Қайтара алмайтынын біліп, қарыз алуға;
17. Зина жасауға;
18. Өсек-аяң тасуға;
19. Білімге ұмтылмауға;
20. Әлімжеттік көрсетуге;
21. Жігерсіз, ынжық, ез болуға;
22. Мақтаншақ болуға;
23. Қоршаған ортасына жаны ашымауға;
24. Ішімдік пен шегімдікке салынуға;
25. Баласына тәрбие беруден қашуға;
26. Өзі табыс таппай, әйелінің не әке-шешесінің мойнына асылып алуға;
27. Жұмыссыз жүруге;
28. Ысырапшылдыққа жол беруге;
29. Қатыгез болуға;
30. Қара басының ғана қамын ойлауға;
31. Тек дәстүрге ғана жатып алып, жаңашылдықтан безуге;
32. Тәкаппар болуға;
33. Нәпсіқұмарлыққа;
34. Жағымпаздануға;
35. Әсіредіншіл болуға;
36. Кісіні қорлауға;
37. Қоғамдық жұмыстан қашуға;
38. Жеңіл ақшаға үйір болуға;
39. Көреалмаушылық пен қызғанышқа салынуға;
40. Тұлғалық дамудан қашуға;
41. Ксенофобия, сексизм, эйджизмге жол беруге;
42. Жемқорлыққа жол беруге;
43. Болашаққа үңілуге тырыспай, өткенмен өмір сүре беруге;
44. Дүниеге байлануға;
45. Өзгенің пікірін құрметтемеуге;
46. Мәдениетсіз болуға;
47. Қызды еркіне қайшы алып қашуға;
48. Ұрлық жасауға;
49. Сыртқа шығып, ел көруге талпынбауға;
50. Шектен тыс той тойлауға.