Қазақ халқының туыстық атаулары

Oinet.kz 06-11-2019 633

image.png

Баба – арғы ата, үлкен ата

Ата – әкесінің әкесі, бергі ата

Әже – әкенің шешесі, үлкен әже

Әке – өзінің туған әкесі

Ана – өзінің туған шешесі

Аға – өзінен үлкен ер бала

Aпа – өзінен үлкен қыз бала

Қарындас – өзінен кіші қыз бала

Іні – өзінен кіші ер бала

Сіңлі – aпадан кейінгі қыз бала

Ағайын – бауырлас, аталас адамдар

Нағашы – шешесінің туыстары

Қайын жұрт – әйелінің немесе күйеуінің туыстары

Жеңге – ағаның әйелі

Жезде - апасының күйеуі

Келін – інісінің әйелі

Күйеу бала – сіңлінің күйеуі

Жиен – ападан не қарындастан туған бала

Жиеншар – жиеннен туған бала

Бөле – шешенің апасы не сіңлісінің ұл-қыздары

Балдыз – әйелінің інісі не сіңлісі

Бажа – әйелінің әпкесінің не сіңлісінің күйеуі

Абысын – қайын ағасының әйелі

Ажын – қайын інісінің әйелі

Құда – күйеу мен қалыңдықтың аталары мен әкелері, аға-інілері мен туған-туысқандары

Құдағи – қарама-қарсы жақтың әжелері, шешелері, апалары

Құдаша – қарама-қарсы жақтың сіңлілері

Бел құда – туылмаған (белдегі) балаға ниет қылысқан

құдалар

Бесік құда – бала туылған кезден ниеттескен құдалар

Қарсы құда – екі құда бір-бірінен қыз алысуы

Бас құда – бір-бірімен қыз алысып, қыз беріскен қат-қабат құдалар

Жанама құда – екі жақты сөзін сөйлер құдалар (Бас құданың жанына еріп келген жора-жолдастары)

Бауыздау құда – мал бауыздағанда бата берген құда

Немере – ата-ананың ұлынан туған бала

Шөбере – немереден туған бала

Шөпшек – шөбереден туған бала

Немене – шөпшектен туған бала

Туажат – неменеден туған бала

Жүрежат – туажаттан туған бала

Жегжат – жүрежаттан туған бала

Шынайы күш (әңгіме)
Адам ағзасын ерте қартайтатын тағамдар анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу