Шынайы күш (әңгіме)
Шәкірт ұстазынан сұрады: «Ұстаз, арыстан қоянды ұстағанда да барлық күшін жұмсайды, пілді аулағанда да барлық күшін жұмсайды. Оның қандай айырмашылығы бар? Ол қандай күш?».
Ұстазы: «Шынайы күш» деп жауап берді.
Арыстанның пілді аулауына көп күш кетеді, бірақ, қоянды ұстауына аз күш кетеді деп айта алмаймыз. Алайда, шынайы күшті жұмсау аң аулаушының мақсат, ниетіне байланысты.
Мейлі, сіз үй салып жатсаңыз да, мақала жазып жатсаңыз да немесе алма аршып отырсаңыз да бәрін үлкен-кіші деп бөлмей, бар ынта-пейіліңізбен істесеңіз, ол ісіңіз тиянақты, көңілге қонымды болады. Сол іске жұмсаған күшіңіз шынайы күш болмақ.
Шынайы күш деп бар қажыр-қайратты аямауды емес, қайта істеген әрбір ісіңді қадірлеп, жауапкершілікпен қарап, шынайы көңіл бөліп орындауды айтады. Осы шынайы күшті – шын ниетімен жұмсалған күш деп те айтуға болады.