Шерхан Мұртаза. Құр алақан

Oinet.kz 06-11-2019 983

image.png

Жарты әлемді жаулаған тағы бір жаһангер - Александр Македонский - Ескендір Зұлқарнайын өлген соң табыттан қолы шошаңдап шыға беріпті.

Бір данышпан алақанына бір шөкім топырақ салған соң ғана қолы сылқ етіп табытқа түсіпті.

Сөйтсе Ескендір тірілерге:

- Ей, жарандар, мен дүниенің жартысын жаулап, алтыннан тау тұрғызсам да, о дүниеге ештеңе алып бара жатқан жоқпын. Міне, қараңдар, - деп алақан ашып көрсеткені екен.

Қайран дүние, тіршілікте кім тойған...

Адамның ашқарақ көзі топыраққа ғана тояды.

Бір кем дүние...

«Бұл тегін адам емес, қалжыңды қояйық» - депті
Құнанбайдың қажылық сапарға аттанар алдында Ұлжанға айтқаны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу