«Бұл тегін адам емес, қалжыңды қояйық» - депті

Oinet.kz 06-11-2016 748

Көркіңді ашар, болмысыңды тағы да... » Сыр медиа

Қазыбек бидің әкесі Келдібек би отызға дейін үйленбей жүріп-жүріп өңі сары, бойы ұзын, аяғы ақсақ Тоқмейіл апамызға қосылыпты. Алғаш келін болып түскенде жас әйелдің кемшіліктерін айтып әжуалағысы келген Келдібек бидің жора-жолдастарына Тоқмейіл апамыз:

Көзім қыли, жасырмаймын, ақсақпын.

Келдікеңмен сондай тату жақсы-ақпын.

Татулықтың белгісіндей тамаша,

Төрт Бошанды билейтін ұл таппақпын, - деген екен...

Әлгілер "бұл тегін адам емес екен, қалжыңды қояйық" десіпті.

Айтқанындай-ақ, Тоқмейіл анадан атақты Қазыбек би дүниеге келеді. Сол Тоқмейілден Қазыбек, Сәдімбек, Асан, Балапан, Үсен, Бөдене деген алты ұл туады. Бұларды ел "ақсақтың алтауы" деп атап кетеді.

Адам өмірінде 3 кезең бар
Шерхан Мұртаза. Құр алақан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу