Ермахан Шайхы. Уәж
Бір күні Толымбек зайыбы екеуі қонаққа барады. Сол жерде Толымбекпен жаңа танысқан жігіт:
– Тол-аға, теледидардан көргенде ұзын бойлы, екі иығына екі жігіт мінгескендей еңселі жігіттей көрінесіз. Әйтпесе, шап-шағын-ақ екенсіз ғой, – деп онша көңілі толыңқырамағандай сыңай танытады.
Сонда Толымбек:
– Теледидарға шыққанда қасыңда әйелің болмайды. Сосын қомақтылау көрінесің. Болмаса, әйеліміздің қасында мысықтаймыз ғой, майдамыз ғой, – деп қасындағы әйеліне қарапты.