Ермахан Шайхы. Мас пен мысқыл
Толымбек Әлімбектің жақын туған-туыстарының той-томалағында асабалық қызмет көрсетіп қоятын да кездері болатын. Сондай бір тойды жүргізіп тұрған жерге Бекен деген күйші інісі кеп қалады. Оны жамағатқа жақсылап таныстырған Толымбектің сөзіне қызыңқырап алған ел онша құлақ асыңқырамайды. Сонда күйіп кеткен Толымбек:
– «Құйшы» десе, қол соғып, «күйші» десе, шулай жөнелетін мына қазаққа сонша не болды, тегі? – деп масайраған қонақтарды мысқылмен айықтырған екен.