Ермахан Шайхы. «Әнші»
Белгілі сатирик-жазушы Толымбек Әлімбектің аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермейтін айтқыш екендігін жалпақ жұрттың бәрі біледі. Оның қысылтаяң кезде сөз тауып, қажет болса, бір-екі шумақ өлең шығарып, кез келген тығырықтан шығып кететіні де бар. Мына әңгімелер – сол сөзіміздің дәлелі.
Бір күні Толымбек жақын ағайындарының үйінде құда күтіп жатады. Тойдың ортасына қарай бір бауыры қызып қалып:
– Шыны-ай кесе, ендеше, шыны-ай кесе-ай, – деп «Ақтолғайдың» әнімен қайта-қайта әндетіп, сөзге қонақ бермей, ел-жұрттың мазасын алыпты. Атақты әннің жалғыз жолын айтып, аяғын жұтып қоя береді. Бұл бір емес, бірнеше рет қайталанады. Әлгі «әнші»:
Шыны-ай кесе, ендеше, шыны-ай кесе-ай, – деп әндете бастағанда Толымбек:
– Ішіп алған адамдар құлай берсе, Ақтолғай, – деп өз бидайын өзіне қуырып беріп, екпінін басқан екен.