Төрағалық Бейсенбайға тапсырылды

Oinet.kz 06-10-2011 1003

Screenshot_1.jpg

Жуырда Қазақстан Журналистер одағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының конференциясы өтті. Онда филиал  төрағасы Әбдез Рахманұлының атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, оған оң баға берілді. Осы жиында жиналғандар филиалдың жаңа төрағалығына Бейсенбай Тәжібаевты сайлады.

Бейсенбай Тәжібаев көпшілікке танымал, кезінде «Шымкен келбеті» газеті мен «Қазақстан-Шымкент» теларнасында жемісті еңбек еткен, бұдан кейінгі жылдары облыс әкімінің баспасөз хатшысы болып істеді. Бүгінде «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметін атқарып келеді. Қашанда бастамашыл, нағыз жастық-жалынға тән жігерлігімен танылып жүрген Бейсенбай өзіне жүктелген төрағалық қызметті абыроймен атқарады деген сенім білдіреміз!

Тағы бір қуанышты хабар, Бейсенбай Тәжібаев Сейдахмет Бердіқұлов атындағы медалдың иегері атанды. Оған бұл марапат  журналистер арасында өтетін Сейдахмет Бердіқұлов атындағы тунирді  облысымызда жоғары деңгейде өткізгені үшін беріліп отыр. Медаль құтты болсын!

ОҚО-дағы аудандар рейтингі
ОҚО-да кітапқа құштарлық кемімейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу