Абайдың сүйікті ұлы Мағауия қайтыс болғанда...

Oinet.kz 12-05-2020 1570

image.png

Сүйікті ұлы Мағауия қайтыс болғанда, Абай жатып қалады. Сонда Жуантаяқ-тобықты Байқұлақ шешен кеп:

-Әй, Абай қарағым, Ақсұңқар аспанға ұшты, Бәрінен тағдыр күшті. Халық кеп тұр ғой,- дегенде Абай:

-Бұл Мағаш маған да жоқ, саған да жоқ,

Мағаштай бала тумас көңілге тоқ.

Аз күнде дүниеден мен де кетем,

Маған да зар боларсың, жиылған топ,- күңіренген екен.

Мағауия ақылды, өте адал, жұмсақ мінезді болған. Мағауияның бала кезінде Ақшоқыда Құнанбай айғыр жарыстырады. Оны қара жарыс дейді. Сол жарыста Есіркеп руының көк айғыры бірінші келе жатады. Сонда Абай шапанын қағып, орынан тұрып:

-Ойбай-ау, мынау Есіркептің көк айғыры қайтеді-ей?- дегенде бес-алты жастағы Мағауия:

- Тәте, бұл сізден жасып, ығатын жаман Есіркеп емес, ол хайуан көк айғыр ғой,- деп, Абай ұялып қып-қызыл боп кеткен екен. Құнанбай күліп жіберіпті.

Мағауияны елдің бәрі жақсы көрген. Сүйікті ұлы қайтыс болғанда Абай: "Шырағымның сүйегін соқпасын" деп оның сүйегі салынған арбаның жолындағы тасты терген екен.

Мәриям Мұқанова (Сәбит Мұқановтың жары):
Альберт Эйншейннің әйеліне жазған отбасы ережелері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу