Мәриям Мұқанова (Сәбит Мұқановтың жары):
Мәриям Мұқанова (Сәбит Мұқановтың жары):
Сәбит менің әдемі киініп, жайнап жүргенімді қатты ұнататын. Тек көйлегімнің жаға-жеңінің тым ашық болғанын қаламайтын. Мен бір жаңа көйлек тіктірер кезде: “Мәке, молдау қылып тіктір. Етегі тізеден төмен болсын”, — деп отыратын. Бірақ менің қызыл түстіден көйлек кигенімді ұнатпайтын. Бір жолы оған ұнамайтынын білсем де, адуын мінезіме басып, қызыл крепдешиннен көйлек тіктірдім. Қып-қызыл дейтіндей де емес, күреңқызыл. Сонымен көйлек дайын. Барып алып келдім де, шифоньерге іліп қойдым, арғы жағым біртүрлі, қипақтап жүрмін. Бір күні қонаққа баратын болдық. Не де болса киейін деп, кидім. Жарасып-ақ тұр. Қымбат мата. Жұрт қызығатындай. Содан қызыл көйлекпен Сәбиттің көзіне көрінейін. Сәбит іле-шала: “Қылымсыған қатыны — қызылдан көйлек киеді” деп Шал ақынның айтқаны бар еді…” — деп ақырын күбірлеп, әрі бұрылып кетті. Қонақта отырған ғүрлы болмадым, маза жоқ. Содан былай қызыл көйлек кимедім.
Әсет Ақмолда фб парақшасынан