Жүсіпбек Аймауытұлы: Неге неке бекем емес?
Жүсіпбек Аймауытұлы: Неге неке бекем емес?
Жастар үйленуді, күйеуге тиюді жеңіл-желпі жұмыс көреді. Аз күн таныс болса, титтей көңілі ауып кетсе, қосыла кетеді.
Бірер жұма өткен соң айырылып кетеді.
Неге? Үйленуге екеуі де әлі жетпеген. Сырлас боп жете таныса алмаған. Ақыл-оймен емес, қызу үстінде жүректің айдауымен кеткен, бірінің мінін бірі көре алмаған. Қызу басылған соң, тұрмыстың олқылы-толқылы жұмыстары қолға алынған соң екеуінің үйлесе алмайтын кезеңдері көбейген де — жөніне тартып отырған. БҮЙТІП ҮЙЛЕНУГЕ БОЛМАЙДЫ. Мұны тастау керек, мұндаймен алысу керек.
Ақыл
Р.S: "Ақыл" — Жүсіпбек Аймауытұлының бүркеншік есімі.