Бейімбет Майлиннің жары Күлжамал Майлинаның естелігінен
Бірде базарда Сәкен Сейфуллинді жолықтырдым. Сәкен амандықтан кейін:
- Иә, Күлжамал, мұнда неғып жүрсің? — деді.
-Соғым іздеп жүрмін, — дедім ойымда ештеңе жоқ.
Сонда Сәкен:
-Бейімбет өзі қайда? Мұнысы қалай, базарға сені жұмсағаны. Мұндай шаруада еркек жүрер болар. Ол өзі шашын ширатып тастап қаннен-қаперсіз қағазын жазып жатқан болар үйде?... Қой ендігәрі өйтпе, өзі барсын өйтпе, өзі барсын!..-деп бұрылып алып басын тік ұстаған күйі кетіп қалды.
Үйге келісімен ал Бейімбетке тиісейін... Шаңын қағып жатырмын... Онда үн жоқ...
Үстелінде отырып, маған біраз жымиып қарап тұрды да: "Келгенің қандай жақсы болды. Бір шайпау әйелдің бейнесін шығара алмай отыр едім. Құтқардың" деп ары қарай жаза берді.
Әсет Ақмолданың facebook парақшасынан