Сәбит Мұқановтың Ілияс Жансүгіровке жазған хаты
Ілияс! Аманшылық. Оқу июльдің басында бітеді. Одан бері съезд болады ғой. Сонда көрісерміз. Қазіргі жұмыстарыңның күштісі съезге даярлық болу керек. Оны істеп жатқан шығарсыңдар. Жанайдар осында жатқан көрінеді. Бірер барып жолықтыра алмадым. Съезд кеңесінен сөйлеспек ем. Менімше съезге: сен, Сәкен, Бейімбет, Мұхтар төртеуің обязательно келулерің керек. Он мүшеден бір өкіл ғой. Мұнда аты өкіл ғана емес, жазушылық бетін көрсете алатын, барлық мәселеге сөйлеп, қазақ әдебиетін таныта алатын адамдар керек. Ғабит бар, жоғарғы төртеуің бар, сендер келмесеңдер көзге көріну көңілдегідей болмайды.
Сенен Үлкен өтініш: жинағыңның 1-томы шыққан екен, екі бөлімде хрестоматия шыққан екен, соны маған не қатынасқаннан жіберт де, не ала кел. Жұмыстарыңды жандандыру керек. Ананипқа мұнда ұрысыңқыраған көрінеді. Басқа кеңесті келгенде сөйлесерміз. Адресім өзгерген. Ж.бен: Сәбит. Остоженка 53. ИКП, ком. 63 мне. Москва қаласы.
19 сәуір, 1933 жыл.
Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі жазбасынан