Бауырмал келіншек

Oinet.kz 10-09-2020 696

Келіншек.jpg

2000 жылдары Батыс Қазақстан облысында тұңғыш сатира театрының іргесін қалап,жұмысқа қабылетті жастарды табу мақсатында ел аралап көп жүрдім.Таланттар құм астында жатады.Дәл кезігіп дер кезінде аршып алсаң бағы жанады. Комсомол ауданына барған сапарымда бір жас жігіттің өнері қатты ұнап қалды.Үйдің үлкені екен. Әкесі жоқ. Дереу театрға жұмысқа шақырдым.Сол жылдары біз Ақтөбеде төрт бөлмелі пәтерде тұрамыз. Бір бөлме келім-кетім қонақтар үшін жабдықталды.Алматыдан келген әртістер осында түнейді.Болмаса,театрға жұмысқа жаңа кірген жастар үй тауып кеткенше тұрақтайды.Әлгі ауылдан шақырған актерді осы бөлмеге жатқыздық.Үш күннен кейін жас жігіттің мамасы телефон соғып, баласының жұмыс орны мен жатқан жайын өз көзіммен көруім керек-деді.Қарсы болмадым.Келесі күні вокзалдан күтіп алып үйге әкелдім. Баласы мен мамасы бір бөлмеге орналасты.Таңертең бірге театрға бардық. Кешке дейін, жұмыста болды. Дайындықты қарады. Әртістермен танысты. Қайтып үйге келдік. Осылай он күн жүрді. Ауылда төрт баласы бар екен.Оларға арасында телефон соғып амандықтарын сұрап қояды.Әлгі келіншек біздің үйге үйренісіп кетті.Таң атпай шәй қояды.Үйдің ішін қағады.Тамақ пісіреді.

Әке-шешем аң-таң.

-Мына әртіс баланың шешесі үйіне қайтпай ма? Он бес күн болды ғой-дейді.

-Білмеймін,қайтатын шығар-деймін.Бетіне айтуға бір түрлі қысылады екенсің.Қазақ қонағын Құдайындай сыйлаған ғой. Жұмыста жүргенде баласына:

-Мамаң үйіне қашан қайтады?-деп, сыбырладым.

Сүйтсем,ол айтады:

-Мама,ауылдағы төрт бауырымды Ақтөбеге алдыртам-дейді.

Не айтарымды білмей тұрып қалдым.Арада бір ай уақыт өтті.Қонақ келіншек таңертең жұмыс киімімді үтіктеп дайындап қояды.Тіпті базарға бірге баратын болдық.Таңертең үйден ерлі-зайыптылар сияқты қол ұстасып шығамыз.

Бір күні ол көшеде отырған әйелге құмалақ аштырыпты.Үйге келсем,шешемнің түрі бір түрлі өзгеріп кетіпті.

-Апа,сізге не болды?

-Шырағым,мына келіншектің дені сау ма?

-Неге?

-Ойбай-ау,ауылда бала-шағасын тастап, біздің үйде не істеп жүр?

Басында бір күнге келіп- кетем демеді ме?

-Иә,солай айтты-деймін.

-Масқара,жаңа маған осы үйге мен келін болып түссем сендерге бақыт әкелемін-дейді.

-Қандай бақыт?

-Мен оны қайдан білейін,құмалақшы айтқан екен-деп,шешем мұңайып қалды.

-Бәсе,кеше маған театрдан еден сыпырушы болсада жұмыс  тауып бер-деген еді.

-Сонда жасың отызға келгенде отырған қыз емес,бес баласы бар отау құрған қатын аласың ба?

-Қой,құрсын-деп,шошып кеттім.Баласын шақырып алып,жалынып отырып өз еркімен жұмыстан кетемін деген арыз жаздырып алдым. Ертеңіне пойызға билет әперіп вагонға әлгі келіншекті жетектеп, итермелеп әрең мінгіздім.Ол жылап, бет-ауызы ісіп әйтеуір, кетті.Біздің үйге бауыр басып қалыпты.Осы оқиғадан кейін үйге әртіс әкелемін десем әке-шешем қорқатын болды.

Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН

Айдана Қайсарбекқызы. Асыққанымды білем
Сезімнің сыры неде?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу