Жарамсақтық деген не?

Oinet.kz 10-09-2020 2129

Жағымпаз.jpg

Жарамсақтық — адам мінезіндегі ұнамсыз сипат саналатын жағымсыз қылық. Жарамсақтық— біреудің лауазымы мен беделіне қарап жалпылдап, жарамсақтанып көрінуге ұмтылу. Өзінше жақсы көрінуге тырысып жағымпаздану. Жарамсақтық тілімізде жарамсақ, жарамсақсу, жарамсақсы, жарамсақтан, жарамсақтану, жарамсақтас дейтін кекесінді түрлері мен бірнеше атаулары бар. Оларды мән-жайына қарай қолданулары да әр қилы сипат мағынада болып отырады. Мысалы, біреуге жақсы аттанып жағымпаздық көрсету — жарамсақтық. Жарамсақтық мінез ұнамсыз, жағымсыз сипаттар деп бағаланғанмен әрбір адамның даралық мінезін, бойында қалыптасқан әдет-дағдыларымен де санасуды қажет етеді. Мұндай жайттар адамның даралық психологиялық ерекшеліктері деп бағаланады.Сөзі өтсін, өтпесін

танысын, танымасын көзге түсе қоям ба деп жарамсақтанып, жалпақтап қаламба деген үміт пен өмір сүреді екен ғой.

Яғни бұл ауру, психологиялық АУЫТҚУҒА жатады.

Бәсе деймін ау, кейбіреулердің әкімшілікті сынаған посттарға, қырылып қарсылық білдіргеніне таң қалатын едім, көзіміз көріп отырғанды айтқызбай, әкім мен әкімшілікті қорғап өліп бара жатады, Ауру жандар екен ғой.

Мұрат Кенжебаев

Мен құмар ойынға қалай кіріп кеттім?
Дінмұхамед Қонаев пен Шәмші Қалдаяқовтың кездесуіндегі әңгіме
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу