Мен құмар ойынға қалай кіріп кеттім?
Құмар ойын, автомат, карта дегендерден ат тонымды ала қашатын басым букмекерлік кеңседен бірақ шықты. Әңгіменің әлқиссасы 2017 жылдың тамыз айында басталды. Ойда жоқта курстасым Ә есімді жігітті Қапшағайдан кездестіріп қалдым. Көптен көрмеген ескі доспен ұзақ әңгімелесіп телефон нөмірлерімізді жазып алдық. Өзінің сөзінде жұмыссыз жүргенің бірақ ақшадан кенде емес екенің айтып қалды. Басында мән бермедім. Алматыға келген соң екеуміз жиі жолығып жүрдік. Екі сөзінің бірі "ставка" болатын, анаған қойдым, мынаған қойдым бәлен мың көтердім, бәлен мың шештім. Үнемі айта берген соң адамның қызығушылығын оятады екен.Бір күні ескі достан соны мағанда үйретші менде "ставка" қойып көрейін дедім. Спорттан хабарың барма,әсіресе футболдан деді. Енді жілігін жағып майын ішпесекте біразын білемін дедім. Содан Ә есімді досымның үйретуімен алғашқы "ставкалар"кетті. Ең алғашында 10 мыңды 5 ойынға бөліп салдық. Екі ойын күйіп кетті да,үшеуінен 12 мың пайда таптық.Курстас досым бір екі көрсетіп берген соң өзім ақырындап қойып жүрдім. Тек 10 мыңнан артық қоймаймын деп сөз бердім. Иә солай да болып жүрді біршама уақыт. Бірде ұтылып,бірде ұтып күндер өтіп жатты. Соншалықты қатты шығынға батқанда жоқпын. 1 айдай көрінбей кеткен Ә есімді досым келіп тұр бір күні. Мынау өз еркімізбен "ставка" қойған өнбейді екен,оданда дайын ставканы сатып алайық, сол пайда бізге деді. Ақшасын теңдей шығарып сатып аламыз, пайдасын теңдей бөлісеміз деді. Мақұл деп келістім. Интернеттен біреуді тапқан екен. Бірінші ставканы тегін береді тәжірбие жасап көру үшін. Онысын алдық,сәтті шықты, екіншісін 30 мыңға сатып алдық, ол да сәтті шығып 30 мыңның үстіне қосымша 70 мыңдай пайда түсірді. Құныққаннан дәніккен жаман деп қызықтың көкесі сосын басталды.
Балықшы балықшыны алыстан таниды демекші ставка қойатын адамдарды бірден танып емін-еркін араласып кететін болдым. Жастардың арасында "жб" деп аталып кеткен ставкаларды интернеттегі бейтаныс "достардан" сатып алып жүрдік. Бұл жерде "жб- железо бетон" яғни ұту мүмкіндігі 90% болатын ставкалар. Экспресс ставкалар футбол мен тенниске арналған,ал ординарныйды өзім қойып жүрдім. Жүріс жақсы жүріп жатты. Кеңсеге барудан гөрі телефон арқылы ойнау тиімді болды өзіме. Телефонға олимптың қосымшасын жүктеп алып ставкаларды қойып тастадым. Есепшоттоғы қаржы 100 мыңнан 200 мыңға өсті. 200 мыңды 5-6- ойынға бөліп саламын. Айтпақшы Ә есімді досымды көрмегелі көп болды. Тек телефонмен хабарласып тұрамыз. Бұрынғыдай дайын ставканы бірге емес, әркім өзі жеке-жеке сатып алатын болдық.
Жұмыста жүріп ойдың бәрі ставкаға ауып кетеді. Есіл-дертің сол бүгін қанша ұтады екем деген ой миды торлап алған. Жан-жақта не болып жатқаныңмен шатағын жоқ, туысқандар жайына қалған достармен ғана кездесіп тұрамын. Ойынды бастағалы бері де 5 ай өтіпті. Енді 200 мыңнан көтеріліп 300-400 мыңмен ойнап жүрдім. Айлықтың көп бөлігін салып отырдым. Егер осыдан ұтсам ұттым болмаса қоямын деп ойладым. Бір күні 350 мың теңгенің 100 мыңы күйіп, қалған 250 мың теңге 900 мың ұтыс әкелді. Бұның бәрі телефон арқылы қойылған ставкалар еді. Түнімен ұйқы жоқ,күндіз жұмыста есеңгіреп жүресің. Жұмыстан кейін бірден үйге келіп ешқайда шықпай тек осымен уақыт өткізіп жүрдім. Сыртқы әлеммен байланыс үзілді. Достардың шақырған жеріңе ғана барасын және ол жерден тез кетуге асығып тұрасың.
Сөйтіп жүргенде туған әпкемнің босанғаның естігенде шок болдым. Өйткені бір қалада тұрып 6 ай көрмегендіктен аяғы ауыр екенің білмейді екем. Азартқа әбден кіріп бара жатқанымды сезіп жүрмін. Сонда да өзімді алдаусыратып қоямын. Бір күні оңбай ұтылдым 700 мыңды бір күнде күйдіріп алдым. Әбден сенген ойынның қорытындысы 180 градусқа өзгеріп кетті. Қаным басыма теуіп бәрінен көңіл қалды. Бірден қойдым деп ойлаған жоқпын әрине ,арада үзіліс болып қалды. Ойнамағалы 2 ай өтті. Жеген таяқ басқа тимеді ғой деймін 2 айдан кейін қайта бастадым. Алғашқы ставкаға қоятын ақшаны көлікке деп жинап жүрген ақшадан ала бастадым. Не болады дейсің ұтсам орынына қоя саламын ғой деп 100 мың алдым.
Сөйтіп жүріп 1 млн 200 мыңды түгел тауысыппын. Сондағы ең жақсы ұтқаным 500 мыңмен 3,5 млн теңгеге дейін көтерілгенім екен. Бұл біз сияқты қарапайым адамдар үшін қомақты қаржы. Ұтуын ұтқанмын бірақ дер кезінде тоқтата алмай қалғаным қателік болыпты. Осы қаржы қалай көтерілді солай құмға сінгендей жоқ болды. Айта берсең әңгіме қоп қой. Қашанғы ұтыс бола берсін енді құлдырау да басталды. Бір күнде 300-500 мыңдап ұтылған кездерде болды. Жүйкеге көп салмақ түсті,стресс,депрессия,ұйқының бұзылуы,режимнің бұзылуы денсаулыққа әсер етті. Көп адамның көңілі қалды араласпай кеттің деп. Өзімді жегідей жедім. Сол арада қиналып жүргенде марқұм анам түсіме кіріпті. Әкем де науқастанып жүрген болатын. Енді өзімді қолға алып бәріңе нүкте қоятын болып шештім...
Бағлан Шарынбай