Ақырзаман туралы. Ақырзаман белгілері қандай?

Oinet.kz 10-09-2020 1197

Ақырзаман.jpg

Бағалар қымбат, əйелдер жалаңаш, мешіттер бос, Алланың заңдарының  күші жойылған... Ұры жазанланбайды, зинаға рұқсат етілген, некесіз жүру көп.. Əйелдер еркектердің асыраушысы болды. Мұсылман жерлері  жаулап алынуда.. Қараңызшы Қиямет күнінің белгілерінің барлығы орындалды, тіпті қалмады...

Аллаға тəубе етіңіздер!

Ал сіз тесік қалтаға зат жинаудасыз...Иə...

(Бұл жәй бір-екі мысал ғана...)

Сіз жақсылап дəрет аласыз... бірақ суды ысырап етесіз ( тесік қалта)

Кедейлерге көмек беріп, оларға көптеген ақшалар аударасыздар... бірақ артынан оларды кемсітесіздер, оларды ыңғайсыз жағдайға саласыздар ( тесік қалта)

Сіз түнгі намазға тұрасыз, күндіз ораза тұтасыз.... бірақ туыстық қатынастарыңызды үзудесіз ( тесік қалта)

Сіз ( əпке, сіңлі) орамал тағып, ұзын киесіз... бірақ  сізден иіс су аңқып тұр ( тесік қалта)

Қонақты жақсылап күтіп шығарып саласыз... бірақ соңынан оның қателіктерін айтып сөз қыласыз ( тесік қалта)....

Сіздер игі амалдарыңызды тесік қалтаға жинасаңыздар олар оңайлықпен  жолда түсіп қалуы ғажап емес...

Зәуре Дәулетова

Өзгеріс керек. Өзгеріс туралы өлең
Тәттілерді тойханадан жалға алады екен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу