Сұлу қыз туралы өлең. Қайырлы таң. Сұлуым. Қол жетпеген.

Oinet.kz 08-09-2020 2570

Қыз.jpg

Қайырлы таң. Сұлуым. Қол жетпеген.

Тұр алдымда. Бақытқа. Жол жетпеген.

Аллам неге,қинады,бұлай бізді.

Дегенмен. Үміт шіркін. Мол,деп келем.

Қайырлы таң. Сұлуым. Бұйырмаған.

Түн ұйқымды,төрт бөліп. Жиі  ұрлаған.

Әттең жалған,не деген,қатал едің.

Өмір тұр,бұраңы көп,шиырлаған.

Қайырлы таң. Сұлуым. Солық түрді.

Қанбағаны ұйқыңның,соны ұқтырды.

Тағдырымыз бір шығар. Тәңір өзі.

Мына бізді,желіден,жолықтырды.

Қайырлы таң. Сұлуым. Күнім менің.

Шабытым. Шарықтап тұр, бүгін менің

Мен әйтеуір,ілдәлә,күй кешейін.

Қаламаймын. Жаныңның үгілгенін.

Қайырлы таң. Сұлуым. Тұр. ал, жаным.

Қалап едім,жанымыз,құралғанын.

Қайтем енді. Тағдырым,солай,болса.

Қалып кетер,боп менің,бір арманым.

Қайырлы таң. Сұлуым. Қиналмағын.

Бұзбайыншы,жаныңның,бейғам халін.

Атқан таңныңның,бақыты,саған болсын.

"Сүйем сені", Жаным ау. Дей жаздадым.

Қайырлы таң. Сұлуым. Кешір мені.

Деп жүрмегін,бұл әбден,есірледі.

Сен өшіріп тастап ем,санамнан да.

Бірақ сені. Жүрегім. Өшімеді.

Өшіре алмай жүргенім,айып болса.

Кешіре алсаң. Кеш күнім. Кешір мені.

Автор: Аман Ази

Әйгерім Тұрарова. Жақын адам
Арман, өмір туралы өлең. Шыда! Төз! Күрес! Өмір сүр!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу