Арман, өмір туралы өлең. Шыда! Төз! Күрес! Өмір сүр!

Oinet.kz 08-09-2020 2281

Өмір.jpg

Тұрады өмір армандар мен қиялдардан болмастай,

Сол үшін сен күресесің, жарқылдайсың алмастай.

Сол үшін сен сүрінесің, жығыласың тұрмастай,

Сол үшін сен лапылдайсың, күлден туып жанбастай.

Тұрады өмір алдаулар мен арбаулардан шырғалаң,

Сағың сынар сынақтардан, сұрақтардан мыңдаған.

Қияметтей көрінеді, жан төзгісіз азабы,

Шын бақытқа жете алады ар-намысы сынбаған.

Тұрады өмір тәтті менен қаттылықтан қашанда,

Ащы менен тұщылықтан, жанкештілік жаса да

Жолыңдағы мың сан сынақ кедергіні жеңе біл,

Ешқашанда түңіліп сен, түмен ойдан босама!

Шыда! Төз! Күрес! Өмір сүр!

Қия шыңды бағындыр,

Қалып қойма тасада!

* * *

Мұнайдар Балмолда

Сұлу қыз туралы өлең. Қайырлы таң. Сұлуым. Қол жетпеген.
100 мақал-мәтел(3-бөлім). Қазақтың мақал-мәтелдері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу