Сүлеймен патша мен жағымпаз уәзір

Oinet.kz 07-09-2020 984

Түріктің Сүлеймен деген патшасы жағымпаз уәзірлерінің басын алып тастайды екен. Бір күні сенімді бір жақын кеңесшісі Сүлеймен патшадан сұрайды: 

- Не себепті сіздің атағыңыз бен даналығыңызды,не болмаса ақылдылығыңыз бен кемеңгерлігіңізді,кереметтігіңіз бен даралығыңызды айтқан адамның басын сол мезетте кесіп тастауға бұйырасыз? Ол шындық емеспе? Сізге деген қошамет пен құрмет емес пе? - деп. 

Оған Сүлеймен былай деп жауап берген екен:

- Мен ел басқарып отырған адаммын,мен ұлттың болашағы мен бүгініне жауаптымын.Мені мақтаған адам ұлт жауы өйткені мақтаған сайын адамның көзі жабылып мансапқа, мақтангершілікке құмарланады.ондай адамға ел билетуге болмайды өйткені ондай патша тек өзінің жеке басының нұрланған бейнесінен басқа ештеңені көрмейді Елді тығыраққа таяп,жоқшылық пен кедейшілік ел арасын жайлайды. 

Ержан Қалдыбаев

Арман Әлменбет. Нағыз батырлық
Жер домалақ болса неге оның бетіндегі мұхит суы төгіліп кетпейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу