Министрлік әскери бөлімнен қашқан Тұрлыхановтың ұлы жайлы мәлімдеме жасады

Oinet.kz 03-07-2023 796

Қорғаныс министрлігі Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткенін растады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_17.jpg

"2023 жылғы 2 шілдеде Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өткеріп жатқан қатардағы жауынгер Б. қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды) әскери қызметшінің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта қашып кеткен", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік әскери қызметшінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылғанын, қызметтік тексеріс тағайындалғанын мәлімдеді. 

Бұған дейін мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тергеудегі ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткені туралы жазған болатынбыз. Бұл туралы заңгер Анна Чернова мәлім еткен. 

Айта кетсек, ақпан айында заңгер Анна Димитриевич күйеуі Олег Чернов екеуін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққанын мәлімдеді. Көп ұзамай оның үстінен ҚР ҚК-ның 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«BMW-мен кетіп қалған»: Депутат Дәулет Тұрлыхановтың тергеудегі ұлы қашып кетті
«Газды бастым ба, тежегішті бастым ба білмеймін»: Қарағандыда балаларды қағып кеткен депутат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу