Жер домалақ болса неге оның бетіндегі мұхит суы төгіліп кетпейді?

Oinet.kz 07-09-2020 2165

Жер.jpg

Жер домалақ болса неге оның бетіндегі мұхит суы төгіліп кетпейді? Осы сұрақ жиі кездеседі...

Бұл тұрғыда "Гравитация" деген ұлы күштің бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Жердің тартылыс күшінің мықтылығы соншалық, оның бетіндегі миллиардтаған тонна су бос кеңістікке ағып кетпей орынында тұр.

Тіпті, біле білсеңіз аспандағы айдың да өз гравитациясы бар. Бірақ, ол жерден әлсіздеу. Алайда, әлсіз болса да айдың тартылыс күші жерге әсер етеді.

Оның бірден бәр көрінісі толқындар. Мұхит суын айдың өзіне тартуынан, су бетінде асау толқындар пайда болады. Егер, айдың гравитациясы жерден күштірек болғанда онда ол жердегі дүниежүзілік мұхиттың суын өзіне түгел тартып алып қоятын еді.

Ал, мұхиттардың суы неге тасып кетпейді?

Ол кәдімгі қарапайым субұрқақтарды еске салады. Мәселен: қаладағы фонтанда атқылаған сулар ешқашан тасымайды.

Өйткені, оның атқылаған суын құрылғы қайтадан өзіне алып реттеп отырады. Мұхит та осыған ұқсас. Ол көтеріліп, буға айналады. Атмосфераға тарайды. Бұлттар пайда болады. Сөйтіп, қайтадан жауын- шашын болып жауады. Одан жиналған су өзендер арқылы мұхитқа қайта құяды...

Айбол Қарашевтың парақшасынан алынды

Сүлеймен патша мен жағымпаз уәзір
Кешегі өтті, ертең белгісіз, ал бүгінгің сый
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу