Кешегі өтті, ертең белгісіз, ал бүгінгің сый

Oinet.kz 07-09-2020 814

Өткенді ойлап, қайғыға салына беру – ақымақтық. Бұның бәрі жігеріңді жасыта береді. Өткен нәрсе өтті де кетті, қанша қайғырғаныңмен ол қайта айналып келмейді. Сондықтан өзіңді өткен шақтың шырмауына шырмалып өмір сүруден құтқар. Өткен шақтың парақ беттерін қайта ашып ақтару, уақыт жоғалту және текке шаршау, жабылған жараның аузын ашып қанатумен бірдей. Шал ақын: «Өткен қайтып келмейді, алғанын Құдай бермейді» деп бір ауыз сөзбен ойын керемет қайырады.

Егер аман-есен таң атырсаң, кештің батуын күтпе, жаман болса да, жақсы болса да кешегі күнің өтті және ертеңгі күнің әлі келген жоқ. Сондықтан күннің шығуымен жарысып несібеңді тер. Ертең пайда әкелетін іс-әрекет пен құлшылықтарыңды жасап қал. Тіпті бір күндік ғұмырыңды сол күні дүниеге келгендей, сол күні өлетіндей өткіз. Міне, сонда өткен күннің қара түнек қайғысына жолықпайсың, келешектің қорқынышына да соқтықпайсың. Намазыңды терең ықыласпен, Алланың ұлықтығын мойындап, бас иген күйде орын-да. Құранды терең ойлап оқы, Алланы әрдайым еске ал, көркем мінезді бол, несібеңе разылық таныт, сыртқы көрінісіңе де көңіл бөл, елге пайдасы тиетін істермен шұғылдан. Бір күндік өміріңнің сағаттарын әр минутын жылдар, секундтарын айлар деп пайымдап, берілген мүмкіндіктерді қалт жіберме. Неғұрлым мәуелі ағашты көбірек ексең, соншалықты жақсылыққа кенелесің. Сол күні күнәң үшін кешірім сұра, Раббыңды есіңе ал, қайтар күнге дайындық жаса. Жаратқан Иеміз нәсіп еткен ырыздығыңа, әйел, бала-шағаңа, баспанаңа, жұмысыңа, міндетіңе, жеткен жетістігіңе разы бол.

Егер де бүгін өлетініңе нақты көзің жетіп тұрса, әлбетте сол күннің әрбір сәтін пайдалы өткізуге тырысар едің. Ізгі істеріңді көбейтіп, жақсы қасиеттеріңді арттырар едің. Сонымен қатар «Бүгін, жаман сөздерді, ғайбатты тастаймын, бүгін үйімді дұрыстаймын, бүгін тазалыққа, келбетіме көңіл бөлемін әрі жүріс-тұрысымда, сөзімде, әрекетімде астамшылыққа бой ал-дырмай орта жолды ұстанамын» дер едің. Иә, «Раббыма деген құлшылығымды арттырамын, намазды барын-ша толық орындаймын, нәпіл амалдарды арттырамын, Құранымды қолға аламын, пайдалы кітаптар оқимын, оқығаннан ғибрат алып, қалған соңғы сәттерімді мәнді де сәнді өткіземін» деген сөздердің де айтылары ақиқат.

Н.Тағанұлы

Жер домалақ болса неге оның бетіндегі мұхит суы төгіліп кетпейді?
Қалай ақша табуға болады? Қос жырау тәжірибесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу