Қалай ақша табуға болады? Қос жырау тәжірибесі

Oinet.kz 07-09-2020 811

1936 жылы Айдарбай пунктін соғып жатырғанда Ешнияз салдың немересі Жүсіптің бел баласы Мұзарап жырау сол мектепте мұғалім ал Жиенбай жыраудың бел баласы Рүстембек мектеп басшысы болыпты.Сабақ аяқталғасын екеуі Қызылорда қаласына оқуға барыпты. Бір күні қаражаттан қысылып екеуі базар жаққа аяңдапты.Ойлары ауылдан таныс кісілер болса ақша сұрап алып қалу. Ешкім кездеспей екеуі қақпадан шығып бара жатса есек мінген кісі бір адамға: 

- Әй кұда, бүгін пəленше сағат 4-те той жасап жырау жырлатады.Соған шақырушымын, - деп əлгі кісіні ертіп кетеді. 

Осы сөзді кұлағы шалған екі жырау əлгі кісілердің ізіне еріп той болған үйге барады. Үй толған адам. Екеуі есік жаққа отыра кетеді.Содан шай ішіліп, табақ тартылып болғасын үй егесі бір жырауды əкеліп "ал қызметіңе кіріс" депті. Əлгі жырау домбырасын қолға алып Рауа Бануды жырлапты. Сол кезде есік жакта отырған Рүстембек:

- Ой пəлі, ой пəлі, - деп кұйрықпен жорғалап төрдегі жыраудың жанына жайғасыпты. Бір уакыт жырлаған жырау дəретке шығуға тақиясын киіп сыртка шығыпты. Бірақ шапаны төрде ілулі қалыпты. Ол шыққан күйде Рүстембек домбыраны алып əлгі кісі тоқтаған жерден жалғастырып кете берді дейді. Халық аң-таң. "Кімсің, қайдансың" деген сияқты. Сол айтқаннан Рауа бануды бітіріп Көрұғлы дастанына түсті дейді. Содан ортадағы орамал толуға айналды.Екі-үш шақырым орналасқан ауыл дауысын естіп түгел жиналды. Сыртқа шығар жер жоқ. Сағат түнгі 12-лер кезінде шыдай алмай: 

- Әй Рүстембек ақын болмаса домбыраны маған бер деп сұрап алдым. Көрғұлыны келген жерден жалғастырып таңды атырдым. Бағанағы жырау шапаны мен домбырасына соқпай кетті, - дейді.

Содан өзімізді таныстырдық дейді. Ата-бабамызды таныды. Біздің əлі атымыз шықпаған кез еді. Содан азанғы сағат 10 ға дейін жырладық. Халық тыпыр етпей отыр. Сол кезде үй иесі орамалды байлап маған берді жастықтың астына қойдым. Кеуіл көтеріңкі. Сол кезде үй иесі ау ағайын мен бұл екі жырауды жібермеймін кешке жырлатамын соған келіңіздер деді дейді. Екеуміз демалып ол кезде жас кезіміз анау мынау ішіп бабымызға келіп күтіп отырдык.Бір мал сойып конакасымызды жедік.Сағат төртке деген калык екіден бастап жинала бастады.Үй егесі екеумізге карап өтініш бізге Көрұғлыны айтыңдар деді.Сол кезде мен Рүстембек мен бастайын сен жалғастыр деп домбыраны алдым. Содан бастап кеттім Ортада үлкен салы орамал акшаға лык толды.Түн ауа домбыраны Рүстембек алып маңыраманы салып сол макаммен таңды атырды.Козғалатын пенде жок.Рұксат сұрадык.Үй егесі екеумізге екі костюм шалбар екі жүз сом кара бас акша берді.Орамалға түйген екі орамал акшаны койныма тыкты ой аға алмаймын деп өтірік айтып атырмын.Ішім жаксы көріп тұр.

Содан кош айтысып акша таппай жүрген екеуміз өнердің аркасында екі орамал ақшалы болып куанып калдык.Кыскасы ауылға пайтон арба жалдап келдік деп Мұзарап жырау əңгімесін аяктады дейді Жалғас аксакал!

Касарбек Карибаев  жырау.


Кешегі өтті, ертең белгісіз, ал бүгінгің сый
Періштелер де ойынға қосылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу