Toyota Alphard немесе Әзірейіл такси
24-07-2022
Шығыс поэзиясының тарихында қос тілді ақындар болған екен. Солардың арасынан бір аяулы ақын Имадеддин Насими ерекше бөлек тұрады. Бұл өзі жаратылысынан, туындысынан – пантеист, батыл ойлы, өзінің орнықты көзқарасы бар, шымыр шайыр болған. Ж.Румиді, Хафизді өз ұстаздары санаған. Низамиден кейінгі ең ірі, тұлғалы шығармалардың иелері болған. Араб, парсы, әзірбайжан тілдерінде өлең жазған. Философ, музыкант, эстетик, әлеуметшіл ақын болған. Әзірбайжанның Шемаха деген қаласында ХІV ғ. дүниеге келген. Әкесі Сейд Мұхаммед – хуррифит болған. Бұл – ислам ағымының бөлігі (суфизм). Бұл ағым құранның ішкі егжей-тегжейіне кірісіп, өзінің ұсыныстарын енгізбек әрекетінде болған. Шерманшах орталығы Шемахада көптеген ғалымдарды, философтарды жинаған. Насими жас кезінде Ибн-Сина, әл-Фарабидің еңбектерін жаттап өседі. ІХ ғасырда пайда болған Мансур әл-Харадж сектасына кіреді. Бұлар құдайды және оның құрандағы принциптерін мойындамайды, негізі Адамға бет бұру керек деп ойлайды. Насими өзінің лақап есімдері Хусейн, Сейд деген аттармен жазған еді. Өзі хуррифит бола тұрып, лақап атпен жазбаса – жазаға ұшырап қалатын еді. 1385 жылы Азірбайжанды Ақсақ Темір жаулап алады. Сондағы шеберлерді жинап, Самарқандқа мешіт салуға жібереді. Хуррифиттердің орталығы Бағдат болған. Хуррифиттердің көсемі – Фазуллаһ. Хуррифиттер Темірланға қатты қарсы болыпты. Фазуллаһты Темірлан түрмеге жабады. «Уасиянама» деген еңбек жазады. Насими оның қызына үйленіп, Кіші Азиядағы, елдерді аралап кетеді. Хуррифизм идеяларын таратады. Халеб мамулектерінің сұлтаны Муамед деген сұлтан отырады. Бұл қала керуеннің тоқтайтын жер еді, осы жерде хуррифизмді таратады. 1417 жылы Сұлтан Насимидің соңына түсіп, қолға түсіріп, өлім жазасына кеседі. Насими өлімі туралы аңыздар бар. «Кунту-азЗахаб» деген араб шығармасында осы Нисамидің қайтыс болуы туралы баяндалады. Дарға асып, терісін сыдырып, қол-аяғын кесіп, хуррифиттерге жіберу керек дейді. Сонда ақын «Ан-наль хақ» деген екен. Дивандар, ғазалдар, бейіттер, қасидалары бар.
Жүректі мұңға батыратын үш нәрсе бар:
Тыңда, мен соны айтайын.
Жаман көрші, жолға бірге шыққан мылжың,
Ақмақтау әйелің,– дейді.
«Се адет ин адет» деген өлеңінде:
1) Қайырымды болғын,
2) Мінезің шуақты болсын,
3) Тәкаппар болма, биіктен қарама,– дейді:
Егер пайда әкелмей, зұлымдық қана жасайтын қол болса, оны кесу керек, – дейді. Жақсылық несібесін қолдайтын қолдан ғана ұста. Ағаштарды қирататын, отқа жағатын балтаға ұқсама. Балтадан қашып, анар ағашын отырғыза біл. Қыран қапаста отыр, ал қарғалар көгалда ойнайды. Егер керуен тонаушылық – ұры олжасына айналса, онда ол керуенде – бірде-бір тың адамның болмағаны. Хуррифиттердің айтуынша, бүкілдүниенің құпиясы Құранның әріптерінде жатыр. Құранның әрбір әрпі адамның жүзінде жазылып тұрады. Демек, дүниенің сырлары Адамның жаратылысына байланысты, адамның өзінде жатыр. Насими: біз жер бетіндегі інжу тастарға, маржанға қызығамыз, адамның өзі інжу емес пе, біз неге оған қарамаймыз,– деген Насими: «Материя – мәңгілік, ол – жоғалып кетпейді,– деген. Бұл сөздеріне қарағанда – үлкен, ойшыл, гуманист ақын ретінде көрінеді. «Жүрегім менің көп нәрсеге қызықпа, тек сәттілікті күт, кеше, бүгін деген болмайды, осы мезетті пайдалан»,– деген сөздері де бар.
«Бахир-уль асрар» («Сырлар теңізі») деген қағидасын Насими атақты Әмір Хосроу Дехлевидің «Дармайеабрар» деген қағидасына жауап ретінде жазады. Ол
кезде хамсаға хамсамен (бестікпен) ғана жауап беріп емес, философиялық жауап беріп отырған. Адамды әшекелейтін бір-ақ нәрсе бар, – дейді:– ол да – білім.
Егер інжуді қорабынан алсаңыз да, қорап өз қасиетін сақтайды. Сондықтан да адам өз ақылынан адаспауы керек. «Адамның жаны мың да бір құпия», – дейді. Өзінің «Қайғы шекпе» деген ғазалын Насими Хафизге жауап ретінде жазған екен. Ал, Хафиздің атақты «Юсуф-е гомгаштен немесе «Юсуф Кангонға оралады» деген ғазалында – әр жолдың аяғында бір сөз қайталанып, қосарлы ұйқас – радиф, қосымша, қайталанатын ұйқас жасайды. Насими: «Құдай дегеніміз – Адам», – дейді. Муллями деген терминмен шебер жазған. Муллями дегеніміз – бір өлеңнің 2-3 тілде жазылуы. Насими шәкірттері: Физули, Науаи.
1973 жылы 600 жылдығы тойланды.