Тұрсынбек Қабатов әкесін еске алып, көпшіліктің жүрегін елжіретті (фото)
Бүгін отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әкесінің дүниеден өткеніне 9 жыл толды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- 9 жыл өтті асқар тауым құлағалы,
9 жыл өтті анам іздеп жылағалы.
Әр күніміз сағынышпен өткенімен
Жүрегіміз әке деп соғады әлі. Бүгін әкем тірі болғанда 67 жасқа толар еді. Әттеген-ай десейші. Жадыраған жүзін көрмегелі де 9жыл болып қалыпты.
Жаныңыз Жәннатта болғай ,- деді Тұрсынбек Қабатов.