Емші бала Ерболсын үйленді

Oinet.kz 08-02-2021 4816

Ел ішінде «Үкілі бала» атанған Қызылордалық емші бала Ерболсын үйленді деп, хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

WhatsApp Image 2021-02-08 at 17.44.15 (1).jpeg

Халық арасында «Үкілі бала», «Емші бала Ерболсын», «Жын кірген бала», «Аралдық емші бала» деген атпен танылған Серікбаев Ерболсын шаңырағына келін әкелді.7 жыл бұрын әлеуметтік желіде соқыр болып барған адамның көзін ашып жібереді, жүре алмай қалғандарды аяғына тұрғызып жатыр, балаларды сүндетке отырғызып, дәрігер қайтарған науқастарды жазыпты деген ақпараттар тарады. Баланың құдіретіне еңбектеген баладан, еңкейген шалға дейін емделуге келген. Бүгінде емші бала отбасылы адамға айналды. Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, бәрі оңынан болсын тілеп отыр.


Тұрсынбек Қабатов әкесін еске алып, көпшіліктің жүрегін елжіретті (фото)
«Ешкімнің алдында ақталмаймын» - лоторея ұйымдастырған белгілі блогер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу