«Ешкімнің алдында ақталмаймын» - лоторея ұйымдастырған белгілі блогер
Күні кеше Есілдің сол жағалауынан гүл дүкенін ашып, халыққа ұтыс ойынын ұйымдастырған белгілі блогер халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде жазды.
Есілдің сол жағалауына мыңнан аса халықты жинап лоторея ойнатқан ол бәрінің осылай аяқталғанына шын мәнінде өкінетінін жеткізді.
- Осылай болғаны өкінішті. Түсіністікпен қарағандарыңызға үлкен рақмет! Басында бәрі дұрыс болатын. Соңында адамдардың көбейгеніне байланысты барлығы ойдағыдай болған жоқ. Бұл жерде ұйымдастырушылардың кінәсі жоқ деп ойлаймын. Сіздердің хабарламаларыңыздың оқып шықтым. Көбісі мені түсініп, қолдап отыр. Ұйымдастырушылармен ақылдаса келе ұтысты тікелей эфир арқылы өткіземіз деп шештік. Сонда автокөлікті беретін боламыз. Әрине, сіздерді қуантып, нағыз шынайы әсерлеріңізді көргіміз келген еді. Бәрінің осылай болғаны мен үшін өкінішті. Мен ешкімнің алдында ақталмаймын. Мен шын мәнінде әрбіріңіз үшін уайымдадым - дейді блогер Ерболат Жанәбілов.
Еске сала кетейік, кеше Нұр-Сұлтан қаласында Есілдің сол жағалауында лоторея ойнатып, мыңнан аса халықты жиғаны үшін белгілі блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.