«Бекшин мырза сізге тағы не керек?» - Сағынтаев

Oinet.kz 12-08-2021 1935

Алматының бас санитар дәрігері Бекшин қала әкімі Сағынтаевқа карантин күшейген шақта Rixos қонақүйінде жиналыс өткізген еврейлерге неліктен айыппұл салынбағаны жайында есеп берді, деп хабарлайды Oinet.kz  Dalanews.kz порталына сілтеме жасап.

Сағынтаев пен Бекшин.jpg

- Растайтын рапорттарды алғаннан кейін біз шараны ұйымдастырушыларға айыппұл саламыз, – деп түсіндірді Бекшин.

Сағынтаевтың айтуынша айыппұл салуды созбалаудың қажеті жоқ, себебі әлемжелілерде және барлық ақпарат құралдарында карантиннің бұзылғаны анық көрінетін видео және фотосуреттер өріп жүр.

- Растайтын құжаттар ақпарат құралдарында жарияланды. Сізге тағы не керек?, – деді әкім Бекшинге.

- Жұмыс реті бойынша бізге түсініктеме қажет, бұл құжаттардың барлығы аудандық әкімшіліктен келеді. Бұған тек мониторинг тобы ғана құқылы, – деп жауап қатты Бекшин.

- Оқиғаның орын алғаны айқын, факт бар, шешім қабылдау керек. Онда тағы не дәлелдеу қажет? Барлығы біледі, – деді Сағынтаев.

Тоқаев Сеулде Абай ескерткішін ашады
Алматы тұрғыны тікелей эфирде Сағынтаевқа бар шындықты айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу