«Балалы болу үшін тамыр ұстайтынға да бардық» Елдос Қадырханов
Әлеуметтік желіде блогер Елдос Калабок болып танылып жүрген, Елдос Қадырхан мен оның отбасы 4 жылдан бері балалы бола алмай жүргендігін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Өзін Мистер Калабок деп атайтын Елдос бірнеше жылдан бері бала күтіп жүргендігін, керек болса асырап алғысы келетіндігі жайында жамсырмайды. Бұл жайында әзілкеш белгілі журналист Зарина Мүслімге берген сұхбатында айтты.
- Бұлда бір сынақ шығар. Біреуге есеппен береді, біреуге төсекпен береді дегендей. Кейбір адамдар түсінбейді оны. Өз басына келгендер ғана түсінеді. Біз қанша жерден күліп ойнап жүрсекте, ішің жылайды. Мен оныда блогер етіп жіберемін, парақшасын ашып қоямын. Болса болды, болмаса асырап аламыз. Күтіп жүргенімізге 4 жыл болыпты. Бір бірімізді жұбатып келеміз. Медицина қанша жерден дамысада тамыр ұстайтынғада, отқа жағып суға тұншықтыратынғада бардық. Бәрін көрдік, айналып келгенде басымызды сәждеге бердік, - дейді блогер.