«Ұятқа қалдым» Рамазан Стамғазиев

Oinet.kz 09-02-2021 1107

Отандық танымал әнші Рамазан Стамғазиев сүйіктісі екеуінің некелесуі кезінде орын алған қызықты жағдай туралы жасырмай айтты. Әнші жарына мешіт қабырғасында уәде еткен сыйлықты алып бермеген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

WhatsApp Image 2021-02-09 at 14.59.28 (1).jpeg

Рамазан Стамғазиев пен оның келіншегі заңды түрде үйленіп, балалы болғаннан кейін бір-ақ мешітте некелерін қидырған болып шықты. 

Бірнеше жыл бойы отасқан жұбайлар перзентінің қалауымен мешітке барған. Некелесу кезінде әншінің жары одан сыйлық ретінде көлік сұрапты. Алайда, өнер иесі бұл жағдайдан оңай шығып кеткен көрінеді.

Рамазан Стамғазиев әйелі нақты қандай көлік екенін айтпағандықтан, оған ойыншық көлікті тарту еткен. Бұл туралы әртіс  "Еуразия бірінші"  арнасындағы  "Ең алғашқы"  бағдарламасындағы сұхбатта айтты.

  • Ортада көптеген уақыт өтті. Айналып келгенде балаларымыз аяққа тұрды. Бір күні қызымыз келіп, неге мешітте құдай алдында некелеріңізді қидырмайсыздар деді. Құдай алдында қол ұстасып, неке суын ішіңіздер. Біз о дүниеге барғанда мүмкін адамдардың рухы кездесер, бірге жүрейк деп айтты. Бұл сөздері мені кәдімгідей толқытты. Ертесіне Ұлтуды ертіп, қасыма Ахмет деген досымды алып мешітке бардық. Сол жерде некеге тұрдық. Бәрі біткеннен кейін Ұлтуға не қалайсың? деді ғой. Ол маған қарады да, көлік деп айтты. Мен өз кезегімде алып беретінімді айттым. Бір күні ойыншық көлікті сатып алып, Ұлтуға сыйладым. Оған Ұлту негізі сен нақты қандай көлік екенін айтпадың. Сол себепті саған ойыншық алып келдім" дедім. Бірақ, Алла шүкір Ұлту көліксіз емес. Ол некеге дейін де, некеден кейін де көлікпен жүрді , - деді Стамғазиев.



«Балалы болу үшін тамыр ұстайтынға да бардық» Елдос Қадырханов
Айгүл Иманбаеваның анасымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу