Айгүл Иманбаеваның анасымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)

Oinet.kz 10-02-2021 1264

Қазақстандық танымал әнші Айгүл Иманбаева анасымен түскен суретін жариялады. Бұл фото әншінің Instagram парақшасында жүктелді. 

Айгүл анасымен.jpg

- Өмірдегі ең адал, еш уақытта сатпайтын,баласы үшін жанын беретін тек Ана екен ғой - деп жазды Айгүл Иманбаева.

Бұл суретті көрген көпшіоік ыстық лебіздерін білдіріп, бар жақсылықты тілеуде.

- "Аналарымыз аман болсын!", "Иә, 100 пайыз қосыламын. Өйткені сен оның жүрегісің", "Анаңыздың ғұмыры ұзақ болсын", "Жасы ғасырдан ассын анашыңыздың", "Ана мәңгілік дос", "Анаң тірі кезде құрметіңді ешқашан аяма", "Жаным, Айгүл! Керемет көрініс қой! Мамаң осыған лайықты", "Ешқашан ауырмаңыз. Аман жүріңіз", "Анаңыз 100 жасасын. Бала -шағаларының қызығын көрсін. Алла Тағала сол күнді нəсіп етсін", "Айгүл анаңның жүзін көріп қуанып қалдым. Айгүлдей әдемі, ақылды қызды қандай ана дүниеге әкелді деуші едім көрдім. Аман болсын немере ,шөбере сүйсін қызықтарыңды көрсін 100 жас жасасын тілекшімін" - дейді желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от

«Ұятқа қалдым» Рамазан Стамғазиев
Жанар Айжанованың қызы әкесіне қымбат көлік сыйлады (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу