Жанар Айжанованың қызы әкесіне қымбат көлік сыйлады (фото)

Oinet.kz 10-02-2021 2975

Қазақстандық белгілі әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова әкесіне көлік сыйға тартты. Бұл туралы Айжұлдыз Instagram парақшасында хабарлады.

Айжұлдыз.jpg

- Қазақтар осы "Toyota" көлігін не үшін қатты жақсы көреді? Түсінсем бұйрмасын. Әкемнің де қалауы сол темір тұлпар болды. Сол себепті, оған арманындағы көлігін алып беруді шештім. Құтты болсын, әкешім. Алдағы уақытта өзіме де авто алатын боламын. Бірақ "Toyota" емес. Менің талғамым басқа. Көрімдіктер қабылданады. Менің Алматыға қайта ұшып келуімнің себебі де осы. Тағы да айта кеткім келетін жайт бар. Менде ешқашан гивтер болып көрмеген, өз парақшамда жарнама да жасап көрмегенмін. Бәрі өз еңбегіммен. Бастысы мақсаттарыңыз айқын болу керек. Ақша деген керек кезде пайда болатын қажет зат. Жұғысты болсын баршаңызға" , - деп жазды Айжұлдыз Адайбекова. 

Желі қолданушылары бірден Адайбекованы құттықтап, оған өз жылы лебіздерін білдірді. Олар әкесін қуантқан бойжеткеннің мұндай жетістігіне аса тәнті болып, оған мақтау сөздерін жаудыруда.

- "Құтты болсын" , "Осындай жаста көлік сатып әперу екінің қолынан келмейтін іс. Сен жарадың Айжұлдыз" , "Ата-ананың арманын орындаудан асқан бақыт бар ма?" , "Сізді мақтан тұтамын" , - деп жазды көпшілік. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Aizhuldyz Adaibekova (@aizhuldyz_adaibekova)

Айгүл Иманбаеваның анасымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Белгілі әнші қазақ тілін түсінбеген жігітті соққыға жықты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу