Шыңғыс ханның жеке өмірі және әйелдері
Шыңғыс хан әлем тарихындағы танымал тұлға. Хан болған соң оның 26 әйелі және жүздеген тоқалы болған.
4 әйелі оның негізгі әйелі болып саналған. Бөрте, Қулаан, Есуй және Есурген.
Борте Дэй - Сеченнің қызы қоңырат тайпасынан. Шыңғыс ханнан 2 - 3 жасқа үлкен болған. Бөртеден үш ұл Жошы - Шағатай - Үгедей бес қызы Фуджин - бегі, Чичиган, Алагай - бегі, Тумалун және Алталун.
Қулаан меркіт тайпасынан шыққан, тарихта сулу әрі тапқыр Шыңғыс ханның шынайы сүйген әйелі деп саналады. Хорезмді жаулап алғанда әйелдері ішінде Шыңғыс ханмен осы Қулаан болған.
Есуй және Есугей, Татарлардың Цэрэн - әке атты қолбасшының қыздары. татардың тайпасынан шыққан апалы - сіңілілер.
Сондай - ақ Шыңғыс ханды қатігез қызғаншақ көрсететін дерек бар, татарларды қырып жеңіс тойын тойлап отырған кезде Есуйдің бұрыңғы жігіті адамдар арасында отырады, оны байқаған Есуй аландай бастайды, Шыңғыс хан сол жігіттін басын сол жерде шауып алған болатын.
Шыңғыс бір кезде өзінің жолдасы Богурчи нояннаң былай деп сұрапты, адам баласының осы өмірде ләззат неден ләззат алады деп, сонда Богурчи былай жауап беріпті ең кереметі ол аңға шығу, астымда тұлпарым қолымда қыраным деп. Шыңғыс хан жоқ олай емес ең керемет ләззат алу ол өз дұшпандарыңды соғыста жеңу, оларды жерінен қуып жіберу, бар байлығын тартып алу, зар - еңіреп жылағанын көру, тұлпарларына мініп қыздары мен әйелдерін құшаққа алып олардан ләззат алу деп жауап айтқан екен.
Осы сөздерінен Шыңғыс ханның қатігез қанішер болғаның байқауға болады.
Шыңғыс хан Қытай жеріне жорық кезінде өзіне ондаған әйел алып келгені белгілі. Шыңғыс хан қытай қыздарының сүлулығына тәнті болған. Қайткенмен моңғол тайпаларында қыздардың кел - беті қатты ұқсас, ал қытай қыздары нәзік келбеті де өзгеше. Шыңғыс хан өз әйелдерін және тоқалдарын өзінің нояндарына да берген. Сондай әйелдерінің бірі Ибагу, ол Керей тайпасының ханы Ванхан бауыры Джа - ган - бо - ның қызы. Бір кезде Шыңғыс хан қорқынышты түс көреді онда өзінің әйелі Ибагуды көреді. Шошынып оянған Шыңғыс хан күзетте тұрған нояны Джурчидейді шақырып мен саған Ибагуды беремін, ал Ибагуға былай дейді, сен менің әдемі әйелдерімнің бірісің бір - ақ та өзімнің ержүрек ноянымның әйелі бол депті, Сенің әкең Джа - ган - бо сенімен бірге аспазшы Ашик - Темурды және өзінің 200 адамын берген еді, сен мәңгіге кетіп барасың маған естелікке оларды қалдыр деп айтқан.
Шыңғыс ханның жақсы көретін істері ол аңға шығу еді, сондай - ақ ол шарап ішуді және сұлу қыздарды жақсы көрген. Өз әскері қатарында ішуге салынуды байқаған хан былай деген, егер айына 3 рет шарап ішілсе ол жақсы, 3 реттен көп ол жаман 2 рет одан да жақсы, 1 рет керемет болар ал егер мүлдем ішпесек ол жақсы болар, бірақ ішпейтін адам болмайды деп күліп айтқан екен.
Ұлы хан 1227 жылы қайтыс болған. Қайтыс болу туралы бірнеше дерек бар.
Орта Азиялық тарихшылар айтуы бойынша Шыңғыс хан аңшылық кезінде аттан құлап, кейін қайтыс болған дейді.
Екіншісі ол әкесін сияқты оны улап өлтіру. Таңғұт мемлекетінде болған кезде оның қолбасшысынан алған сыйынан улану, бірақ Шыңғыс хан өз әскеріне бүкіл таңғут адамдарын бірін қалдырмай жойыңдар деген бұйрық беріп содан кейін өледі.
Тағы бір деректер бойынша ол Таңғут мемлекетінің климатының жақпауы және таңғут ханшайымы Кюрбелдишинмен түн өткізіп одан қанжармен жарақат алуы.