Созақ туралы өлең

Oinet.kz 05-09-2020 1977

Созақ ауданы.jpg

(Бір ақын ағамызға..)

Біз жақты білесіз бе..

Бұл Созақ..Қазақтың нақ үлесінде.

Білмедім.. жердің шеті дер ме екенсіз,

Немесе, Жер шоқысы көресіз бе..

Əйтеуір, жалпақ жердің жайсаң жұрты..

Уланбай, Уранменен күресуде.

Біз жақты білесіз бе. .

Киелі Əулиелердің жатқан жері.

Шашты Əзіз, Қара Бура, Ысқақ бабтар,

Арда емген, ата жұрттың ақтанкері.

Жаппас пен Төлегендер күй төгілтіп,

Сүгірдің домбыраны қаққан жері..

Асан қайғы ақ түйе мініп жүріп,

"Қазақтың қаймағы" деп тапқан жері..

Біз жақты білесіз бе..

Сыр мінез сипат табам паңды өлкеден,

Алты ай жүрсең жеткізбес Бетпақ шөлде ,

Ақбөкен жортып өтсе..шаң көтерген.

"Басынан Қаратаудың көш келмесе",

Қажытып, момын елді зарлы етер ме ең..

Үш жүзі, ақ киізге салып алғаш..

Созақта Жəнібекті хан көтерген.!

Біз жақты білесіз бе..

Сахара..шет- шегі жоқ сайын дала,

Сексеуіл, баялышты жайын дала.

Қонағын құдасындай күтіп алып,

Жауына, жауар бұлттай дайын дала.

Қаратау көкті сүйіп , құс ұшырған..

Əр жерде тербеледі қайың ғана..

Алдыңнан айран- сүтін алып шығар,

Тіл алғыш тепеңдетіп тайын..бала.!

Бес ай саусаң исінбес үйір бие..

Алты қанат Ақ орда.. жəйің жаңа.

Біз жаққа кел.!

Ағатай..Бетпақты естіп,

"Шөлден өліп қалам" деп..Уайымдама.!

МЕХНАТ ТЕМІРТАСҚЫЗЫ

Сағат Жүсіп. "Ашаршылық ақиқаты"
«Сарысу-Созақ» көтерілісі жайлы не білеміз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу