Енші малы
04-11-2023
"Мұқтар Мағауин мектепте оқушы кезінде тарих сабағында мұғалимадан: Неге американдықтар жергілікті үндістерді түгел қырып, оның орнына Африкадан қара құлдарды алып келген? Соншама алыстан құл тасығанша жергілікті үндістерді құлға айналдыру тиімді емес пе еді? Сонда мұғалима былай деп жауап беріпті: Алыстан басқа жерге алып келген құл қожайынына ешқашан бас көтеріп наразылық жасамайды, себебі ол басқа жердің адамы, бұл жер оған бөтен, бұл жер оған күш, қуат бермейді, оның бұл жермен рухани байланысы жоқ, тамыры жоқ. Жергілікті үндістер өз жерінде келімсектерге ешқашан құл болуға көнбейді. Сол себептен де американдықтар жалпы саны 50 миллионға жуық үндістерді қырып тастады.
Қазір үндістердің саны АҚШ-а өте аз. Оларға сол себептен АҚШ үкіметі орасан зор жеңілдіктер жасап отыр. Мемлекет өздерінің үндістер алдында орасан күнәсін түсінеді - үндістердің бірнеше мұражайы бар, заңмен бекітілген "first nation" – бірінші ұлт деген ұғым ендірілген. Олар барлық салықтардан босатылған, кез келген университетте қалаған білімін тегін алады. Егер қаныңда сегізден бір (1/8), мысалы әжем үндіс болды деген дәлелің болса, онда салықтың сегізден бір бөлігінен босатыласың. Үндістер орналасқан резервация толық автономиялық дербестікте. АҚШ заңы ол жерде жүрмейді, Тіпті шерифтің өзі үндіс көсемінің рұқсатынсыз ол жерге кіре алмайды. Бірақ, үндістердің автономиялық аймағы табиғаты бай емес полигон орналасқан Невада штатының жерінде, ол жерде кзино аймағы саналатын Лас-Вегас бар. Үндістер өздеріне берілген жеңілдіктерді пайдаланып темекі, спирт ішімдіктерін сатумен айналысады, казинолар үндістердің атымен құжатталған. Қаншама жеңілдіктер жасалынса да үндістер өз отанынан мәңгі айрылды. Америка олардың отаны емес.
Әлемдегі жаулап алушылардың қайсысы болмасын жергілікті халыққа «қажетсіздер» тұрғысынан қараған. Жергілікті халық отарлаушыларға қажет емес, жері мен кен байлығы ғана керек. Үндістердің тағдырын отарланған Сібір халқы да кешіп, жоқ болып кетті, олардың мұнайы мен газы ғана қалып, байлығы Мәскеуге тасылып келеді.
19 және 20 ғасырларда қазақты осы жағдай күтіп отырды. Жері үлкен, табиғаты орасан бай, ал өзі ешкімге керегі жоқ, қажетсіз халық болды. Жасанды ашаршылық жасалынып қазақтардың үштен екісін жойып, олардың орнына сырттан 5 миллион жұмыс қолын әкелді.
Қазір, міне 21 ғасыр туды, қазақтың төбесінен гептил төгіліп жатыр, атом электр стансасы салынуда, ядролық қалдықтар әкеліп төгілуде. Мұның бәрі не үшін Қазақстанда салынып жатыр? Үндістер сияқты өз жерімізде артық халыққа айналып жатқан жоқпыз ба? Қазірдің өзінде қазақ жеріне Қытайдан, Индиядан, тіпті Филиппиннан мыңдаған жұмыс қолдары әкелінуде. Үндістердің немесе Сібір халықтарының күйін кешеміз бе әлде Біріккен араб әмірлігі халқындай боламыз ба? Мал құсап қырыла береміз бе? Әлде намыстанып өз тағдырымызды өз қолдарымызда ұстаймыз ба? Бұл сұрақтарға ешкім емес, тек өзіміз жауап бере аламыз."
1932-1933 жылдары қазақ халқы басынан өткенген".
1870 жыл, үндістерді аштан қыру мақсатында жойылған бизондар сүйегі.
Сағат Жүсіп. "Ашаршылық ақиқаты"