Қолқанат. Бала туралы эссе

Oinet.kz 05-09-2020 1946

Бала.jpg

Баяғыда Жиреншеге бір жолдасы:

--Қолқанатың бар ма? -дегенде ат үстінде тұрған Жиренше:

--Бар! -деп үш жастағы баласын көрсетіпті.

--Үйбай-ау, мынау да қолқанат па?- депті жолдасы.

Сонда Жиренше жерге қамшысын тастай салып, үш жастағы баласына:

--Балам, қамшымды алып беріп жіберші -депті.

Баласы домалаңдап келіп қамшыны жерден көтеріп әкесінің қолына жеткізіпті. Сонда Жиренше жолдасына қарап:

--Қолқанат деген осы емес пе? -деген екееен

Артымда қарайып ұрпақ қалсын, шаңырағымда шырақ жансын -деп, ыстық-суыққа қарамай еңбек етеміз. Жұмыстан шаршап қайтқанда, балаң алдыңнан жүгіре шығып мойның асыла кетсе бәрінде ұмытасың. "Адамның бір қызығы бала деген" осы болар сірә...

Балалар аман, бауырымыз бүтін болсын! Баршаңызға бала қызығын көруді нәсіп етсін!

Айдар Темірбекұлы

Қазақтар бұрын кім болды?
Теберік деген не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу