Қазақтар бұрын кім болды?

Oinet.kz 05-09-2020 913

Кәрістер.jpg

"Бұрын біз кім болдық?" Бұл әр қазақтың көкейінде бар сұрақ. Қазақ жастары, "Ханзада Жумон" секілді шет елдің тарихи киноларын қызыға қарайды. Тіпті қайталап көруден жалықпайды. Көре отырып өз тарихын көз алдына елестеді. Бір ұқсастық іздеп әуре болады.

Өзімізде түсірлген тарихи киноларға көңілі толмай, қомсына қарайды. "Кәрістер киноны жақсы түсіредіғой. Қазақтың батырлары оданда мықты болған негізі" деп тамсана айтысады.

Бұл, өз тарихын білгісі келіп шөліркеген қазақтың тамшыдай болсада таңдай жібітер тарихи деректерге зәру екенін блдіреді. Қазақтардың тарих құмарлығы, шежіре қуғыштығы өзінің түп тамырын білгісі келгенінен туып отыр.

Бұл заңды құбылыс. Талассыз табиғи қажеттілік.

Қазіргі қазақтар қанша жерден заманауи білімді болсада, өткен тарихын білмеген ел адасады. Бір қазақтың баласы түрлі діндердің жетегінде кетуі сол адасудың салдары!

Айдар Темірбекұлы


Өмір туралы эссе. Тумақ барда - өлмек бар
Қолқанат. Бала туралы эссе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу