Өмір туралы эссе. Тумақ барда - өлмек бар

Oinet.kz 05-09-2020 1166

ТУМАҚ БАРДА - ӨЛМЕК БАР!

Бір кітаптан оқығаным бар еді: "Ертеректе байлықпен билікті қимаған байлар, қартайғанда алтының ұнтағын жұтыпты" дегенді. Алтын тотығып, шірімейді. Бір қалыпта сақталады. Алтынды ағзамызға сіңірсек біз де өлмейміз деп ойласа керек. Кәріліктің емі жоқ екенін білсе де, мына бір жалған дүниені қимай пендешілікпен істеген жан далбасасы болар.

"Қартайғанда дүние көзге бітер" дейді дана халқымыз. Бұл сөзге, адами құндылықтан құлқынын артық көріп отырған қазіргі биліктегілер мысал бола алады.

Абай айтады: "Ынсап-рахым, ар-ұят табылмаса, Өлген артық дүниені былғағаннан" -деп. Айтты дегенмен, бұл сөздер кейбіреулерге әсер етпеген сыңайлы.

Байлықпен биліке құнықан Ескендірдей патшаны, "көздің қу сүйегімен тоқтатқан" бір данышпан қазақтан табылмады дегенге сенбеймін. Дана халқымыз айтпай жатқан жоқ. Айтып жатыр. Айтқанда да жетесіне жеткізіп , өңменінен өткізіп айтқан. Санасында саңылауы бар адам болса қазақтан өткен данышпан жоқ!

Шәкәрім айтады: "Өмірдің басы бала ортасы адам. Қартайып шал болғанда кетер шамаң. Мақтап жүрген өмірің осы болса, екі -ақ ауыз өлеңмен болды тәмам"

Абай айтады: "Адам бір боқ көтерген боқтың қабы. Боқтан сасық боласың өлсең тағы"

Шал ақын: "Жігіттер, жалған дүние бізден қалар, Бір күні ажал келіп жаныңды алар, Жан шығып, дүниеден көшкеннен соң, Мал-мүлкің, қатын-балаң бәрі қалар"

Мұқағали: Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды мына өмірді,

Өтпейтіндей көретін адамдарға!

Осынау, ғибратқа толы даналық сөздерді біле тұра, кейбіреулердің өздерін өлмейтіндей көретіні қынжылтады да.

Осындайда дана халқымыздың тағы бір сөзі еске түседі:

Ескендірдей алсаңда әлем қаласын!

Ұлықпандай тапсаңда емнің дауасын!

Бәрібір бүр күн...

Жермен-жексен боларсың!

Айдар Темірбекұлы

Әке туралы эссе. Әкем мен Жәкем
Қазақтар бұрын кім болды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу