Теберік деген не?

Oinet.kz 05-09-2020 1727

Адам ата он ғасыр өмір сүріп дүниеден өтіпті. Соңында қалған ұрпақтары әкенің дүние мүлкін бөлісіп алады. Мол мұрадан Ғұмыр атты ұлына жалғыз шапаны ғана бұйырады. Ғұмырға мұраға қалған шапанның шарапаты тиіп Адам атаның жасына жеткен екен. "Ғұмырдай жасың ұзақ болсын" деген сөз осыдан қалған деседі.

Ғұмыр қайтыс болғанда қасиетті шапанды балалары жыртысып бөліп алады. Әкеміздің жасын берсін деген ниетпен тәбәрік етіп алады. Қазақта үлкен кісі қайтыс болғанда жыртыс, теберік алу осыдан қалған деседі.

Ғұмырда, теберікте көнеден келе жатқан кәрі сөздерғой. Сан ғасырлар сақталып, теберіктей таралып ғұмыры бүгінге дейін жеткен екен. Ұлтымыз аман болса бұдан әріде жалғасын таба бермек. Аңызбен әпсанаға бай Қазақ халқының ғұмыр жасы ұзақ болсын!

Айдар Темірбекұлы


Қолқанат. Бала туралы эссе
Айдар Темірбекұлы. Көңілім көктем еді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу