Бүрге. Бүргеден құтылу жолдары

Oinet.kz 05-09-2020 1604

Ала жаздай ыстықта әбден бүргелеген түлкі денесіне жабысқан қан сорғыштардан қалай құтылатынын білесіздерме?

Бүргеден құтылғысы келген түлкі айнала жүріп алақандай терінің пұшпағын тауып аладыда оны тістеп көл жиегіне барады. Көлдің таяздау жерінен бастап жаймен жүре отырып суға бата бастайды. Судан үріккен бүргелер жоғары секіре, секіре түлкінің тұмсығындағы теріге жиналады. Сол кезде түлкі теріні тастай сала суға батып басқа аулақтау жерден шығадыда бір сілкініп жөніне кетеді.

Тоқаевта бүргелеген түлкі секілді амалын тауып айналасын қоршаған қан сорғыштардан құтылуы тиіс. Болмаса алға басқан қадамы артқа кетіп адымын аштырмайды. Дәл қазіргі жағдайда, президентке қансорғыштардан құтылудың жалғыз амалы -елмен бірге болу ғана! Халық түпсіз теңіз. Президент батыл шешім қабылдап, қалың елдің сеніміне дендей кіргенде ғана қандаладай талаған қара шыбындардан құтыла алады. Сонда ғана қан сорғыштар жиналған қазіргі жүйені терінің пұшпағындай лақтырып тастауға мүмкіндік болады.

Иә, ендігі Тоқаевтың түлкі құрлы бір сілкінетін уақыты әбден келді. Ел басқарған адам үшін бір емес дүр сілкінседе аздық етпес. Тек, сол сілкініске қалың қазақтың қолдауынсыз жете алмасын түсінсе болғаны да.

Айдар Темірбекұлы


Махаббат туралы әзілдер. Махаббат, қызық мол жылдар туралы
Қағаз гүл. Махаббат туралы эссе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу