Махаббат туралы әзілдер. Махаббат, қызық мол жылдар туралы

Oinet.kz 05-09-2020 1246

Махаббат, қызық мол жылдар.jpg

Боз бала күнімізде әжеміз түнгі онда жарықты сөндіретін. Тәртіп солай, жатуымыз керек. Келесі бөлмеге ұрланып шығып осы кітапты оқушы едік. Май шамның жарығымен үңіле оқып, шашымыз сарғайып жүретін) Қызықты күндер, керемет кітаптар еді ғой...

Қазіргі уақытта елімізде жаппай карантин жарияланып көп уақытымыз үйде өтетін болғандықтан кітап оқуға кермет мүмкіндік болғалы тұр. Үйде босқа жатпай кітап оқысаңыздар әрі сақтық шарасын сақтайсыздар, әрі білім көк жиегіңіз кеңіп, ойлау қабілетіңіз арта түсер еді.

Енді, "Қандай кітап оқуға болады?" дегенге, ортан қол оқырман ретінде кеңес бере кетейін.

"Махаббат қызық мол жылдар" кітабын немесе осыған ұқсас кітаптарды ұсынар едім. Бұлай айтуымның себебіде бар. Байқасаңыздар ФБ бетінде махаббат жайлы әдемі әуендер мен соған ұқсас жазба шығаратындар көбейе бастады. "Махаббат жайлы әуендер мағанда ұнайды" деп, тебірене пікір жазып, жапырлай бөлісіп жатқандар қаншама. Себеп сол, көктемғой көктем)

Махаббат жайлы әуендермен жазбалар көктемгі уақытта өте әсерлі болатыны белгілі. Қысқасы табиғи заңдылыққой)

Бір апамыз ФБ-парақшасына, "Түнде айқайламаған қатын, күндіз айқайлайды" деп төтесінен бірақ жазыпты)))

Тағы бір көңілді келіншек жазыпты, "Қамырдың иін қандырмағансоң жайылуыда қиын болады ғой. Қамырдан мін іздегенше өз ісін дұрыстап істесе болар еді" деп)))

Несі бар, тұспалдап тамаша жеткізген. Әзілхан Нұршайықов, "Махаббат қадірін білмейтін адамда адамгершілік сезімі болмайды, ал адамгершілігі жоқ кісінің жүрегін махаббат мекендемейді" деген екен. Демек, махаббатта ақ көңілге ұялайтын болғаны да. Қол бос, уақыт бар кітап оқыңыздар, махаббат жайлы пост жазыңыздар. Мұның ешқандай айыбы жоқ, ағайын! Көктемғой, көктем) Махаббатымыз сөнбесін!

А. Темірбекұлы

Қашаған қара. Жылқы туралы эссе
Бүрге. Бүргеден құтылу жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу