Қашаған қара. Жылқы туралы эссе

Oinet.kz 05-09-2020 1006

Жылқы.jpg

Қос жастықты қолтығы тола қысып, қалың көрпеде жамбастай жатқан Қаршал жұтынып қойып сөзін жалғады.

--Бала күнен бірге өскен құрдасым едің, бір қалаумды бер. Жақсы аттың құнын менде білемін. Қашағанның төрт аяғына төрт қара тіктім! -деді. Қарашал сөздің тоқетерін айтқанда үй іші тым тырыс бола қалды. Енді елдің назары үй егесі Сағынайға ауды. Сағынай тумысынан сабырлы кісі болсада осы жолы сыр беріп қалды. Қимасын қолқалаған құрдасын жақтырмай шекесі шибарқыттай тырысқанын айнала отырғандар анық байқады. Артық ауыз сөз айтпасада, орнынан қомпаңдай қозғалақтап, тықыр басын сипалай берді. Біршама үнсіздіктен соң Қарашалға бұрылып:

--Қалауың болсын құрдас -деді. -Төрт қараңдыда алмаймын. Бірақ қояр шартым бар. Қашаған қара үйге қашып келетін болса өзімде қалады. Қайтып сұрамайсың! -деді. Мұны естіген Қарашалдың көзі жайнап кетті. Бұлай тез келісер деп ойламаса керек. Орнынан жеңіл көтеріліп құрдасын құшақтай алды.

--Мынау елдің алдында абұройымды түсірмей айтқанымды бергеніңе рахымет. Уәде, уәде болсын. Қашағаннан айырлсам қайтып сұрамаймын. Аяулы досымның қимасын қолқалағаным үшін ат, шапан айыбымды төлеймін. Жағдай қалай болсада, ат орнына әкелген төрт қара сенің қораңда қалсын!

Екі құрдас осылай мәмілеге келісті. Қашаған жүйрікті жетектеп Қарашал кетті. Қимай, қимай Сағынай қалды.

Қашаған қара ат біткеннің естісі еді. Сүліктей қара сұлу мүсінімен, желдей жүйріктігі қараған қазақты "пай!" дегізбей тұрмайтын. Қашаған аталу себебі Сағынайдан басқаға саурын сипатпайды. Әбден бір қолға үйренген жануар өзгеге ұстатпайтындығынан "Қашаған қара" атанған.

Қарашалда ат қадірін білмейтін адам емес. Сән салтанатымен ат мініп, аздап болсада сері атанып жүрген азамат. Елге атын шығарып "Қос торы" атанған жүйріктеріде бар. Солай болсада, Қашағанды көргенен есі кетіп, ат құмарлығы қозып ауырып жүрген. Бүгін сәті келіп қолына түсірді. Енді айырла қоймас.

Қарашал қашағанды қанша баптасада алаңдауын бір қоймады. Аспанға шапшып арқырай кісінеп, кейде қос құлағын тіктеп иен далаға тесіле қарап тұрып қалады. Иесімен өрісін сағынған жануарды Қарашалда түсінеді. Бірақ ат құмар көңілі қимайды. Ел алдында айтылған уәделі сөзде мұның Қарашал атына сын еді. Осылай атпен арпалысып жүрген күндердің бірінде Қарашалдың үйіне қонақтар келді. Келгендерге аттарын көрсетіп бір мақтанып алу Қарашалдың сүйікті істерінің бірі. Ат қораны айнала тұрғандардан секем алған Қашаған бар екпінімен ышқына секіріп ағаш белдемеден ытқып өтті. Елдің бәрі "Ат қаштылап" шулап кетті. "Қап!" деп қалған Қарашалда "Енді бұл тіке үйіріне тартады қос торымен қуыңдар" деп бұйырды. Бірақ жағдай бірден олар ойлағандай бола қоймады. Қашаған қара арқырай кісінеп қораны айнала шауып жүріп алды. Қуғыншылар қос торыны ертеп мініп шыққанша алыстап кетпеді. Есті жануардың қылығынан секем алған Қарашалдың іші "қып" ете қалды. "Мынау мені ел алдында сынамақпа?" деген ой санасына сап етті. Қарашалдың күдікті көңілі алдамапты, Қашаған қара қуғыншылар шыға зымырады. Жұрт ойлғандай еліне тіке тарпай көз көрім қашықтықта қыстақты айнала шауып жүр. Қарашалдың мақтаулы қос торысын маңайлатар емес. Қыр басына шыққандар аламан бәйге көргендей тамашаға қарық болдыда қалды. Биік қырды үш айналғанда тоқ қарын қос торыда сыр берді. Енді жете алмасын түсінген қуғыншылар ат басын тартуға мәжүбір болды. Қашаған мұныменде тынбады. Қарашалға қыр көрсеткендей жалғыз өзі қырды тағы бірнеше айналып, арқырай кісінеп батысты бетке алып тартып отырды. Жігіт болып атына кір келмеген Қарашал аттың соңынан тесіле ұзақ қарады. Қашаған көз ұшында жалғыз қара ноқат болып сары даланы сызып бара жатты.

***********

Сағынай көк төбенің басына күнде бір шығып қайтады. Созақтың кең даласына айнала көз тігіп, әлдебір қарайған көрінсе көңілі алаңдап қалады. Сағынайдың күткені Қашаған қара жүйрігі. Қарашалдың атынан айырла қоймайтын азамат екенін білседе жылт еткен бір үміті жоқ емес. Қарай, қарай көзі талып үйіне қайтады. Бүгін болмаса, ертеңдері шаң беріп қалар деп өзін жұбатып қояды.

Осылай күндер өте берді. Арада жылға жуық уақыт өтіп, Сағынайда аттан күдерін үзген. Қашағанның орнына тағы бір жақсы тай байлап, қолы боста соны ермек етіп жүрді. Шоқтығы биік жануарым тайпалған жорға болады деп мақтап қояды.

Бірде, Сағынай өзіне ұнай бастаған тайын көруге ат қораға бұрылды. Қораға кірдіде сілейіп тұрып қалды. Өз көзіне өзі сенер емес, "шынымен солма?" Сасқалақтап қорадан шығып қайта кірді. "иә, дәл өзі" деп күбрілеп қояды.

Тумысынан сабырлы Сағынайды мұнша таң қалдырған жағыдай, Қашаған қараның қайта оралуы еді.

Төрт аяғын кезек суытып ат қорада алаңсыз тұрған Қашаған иесі келгенде мойнында бұрмады. Жақындап барған Сағынайды жақтырмағандай келідей басын кекжите көтеріп сырт айналып тұрды. Бұрынғыдай еркелеп тұсығын иығына қоймады, қант бер деп қалтасын тістелемеді. Сағынай қай жағынан келседе сырт айналып қашқақтай берді. Атын сағынып қалған Сағынайдың көңілі су сепкендей басылды. Есті жануарғой, жат қолға жетектетіп жіберген иесіне әбден өкпелі екенін Сағынай жақсы түсінді. Амалсыз атының артқы жағынан келген Сағынай сауырынан сипай келіп құлақ тұсын қасығанда барып Қашаған келідей басын иіп тұмсығын мұның кеудесіне тықты. Қол тигізбей жиырлып тұрған денесі босап, жануардың көзінен мөлт, мөлт еткен қос тамшы жас ағып түсті. Мұны көрген Сағынайдыңда көңілі босап кетті. Бірі біріне бауыр басқан атпен адам осылай сағынысып табысты.

Сағынай енді атына барлай қарады. Іші тартылып қамшыдай қатқан жануардың шүңірейген екі көзінен жол азабын тартқаны байқалады. Жанына жақындай келген торы тайға шатынай қарғанынан әліде болса үй жығардай екпіні бардай көрінді. Еңкейіп шашасыннан ұстап көріп еді сорғалай аққан тердің сортаң ұлпасы қолына төгілді.

Сағынай Қашағанның қанша күн жол басқанын ойша есептей бастады. Сонау Арқаның даласынан Қаратауға дейін төтесінен салғанның өзінде айға жуық жүрген болуы мүмкін. Аттың қатты арығанынан солай топшылады. Жолда Бетпақтың шөл даласымен Шу өзенінің қос арнасын кешіп өтуде өте қауіпті. Оған қоса сырт көзден сақтанып күндіз жасырынып түнде жортып отырған болар. Өйткені Қарашалдай мықтыдан құтылған Қашаған қайта құрыққа түспеудің жолын іздейді. Есті жануарғой, айға жуық жүрседе елге аман жетуді ойлаған болар.

Сағынай атының мойнынан құшақтай тұрып "енді жат қолдың жетегінде жібермеспін!" деп өзіне серт берді. Қашағанда мұның ойын түсінгендей басын шұлғи оқыранып алдыңғы аяғымен жерді тарпып, тарпып жіберді.

"Қайтқан малдың қайыры бар" дегендей Қашағанның қайтуы Сағынайға құт болды. Ешкісіне дейін егіз туып шаруасы дөңгеленіп жүре берді. Қашағанның арқасында аты шығып Сағынай мырза атанды. Қорасы малға толды. Есіктегі басы төрге жетті. Қашаған қара, Қаратаудың күнгей, теріскей бетінде бәйге бермейтін айтулы жүйрікке айналды. Енді Сағынай бәйге таңдап, Қашағанды алдына тоғыз қара тіккен үлкен аламандарға ғана қосатын болды.

Осылай атының бабымен бағы қатар шауып айдарынан жел есіп жүргенде арада ондаған жылдар өте шықты. Жалғыз атты Сағынай еді алдына үйірлеп жылқы айдаған бай болды. Қашағаннан аумайтын сүліктей қара құлындар Сағынайдың желісін толтырды. Атақ, абұройға әбден құнығып алған Сағынай, атын бәйгеден бәйгеге салып қартайған Қашағанға тыным бермеді. Арыны қатты Қашағандай арғымақтыда ауыздықтай алатын "уақыт" деген күштің барын Сағынай естен шығарып алды.

Созақтың кең жазығында қарқұрым адам жиналған үлкен бір ас болып жатты. Ат айдаушының саңқылдаған дауысын естіген Сағынайда аламанға жиналған топқа беттеді. Дүбірлі топқа жақындағанда Қашаған тайсақтай берді. "Аламанға шаппаймын" дегендей шатқаяқтай бұрылып қияс тартты. Аламанның алдында жайнаңдап шыға келетін жануар мінез көрсетіп, жүз қарадай жиналған дүбірлі топқа қосылмай қойды. Өмірі атының мұндай мінезін көрмеген Сағынай ішінен секем алып қалды. Дереу кіші баласын алдырып Қашағанды ауыздықтап мінгізіп қойды. Әдетте бәйгені құр өзі шауып келе беретін Қашаған ауыздықталып үстіне бала мінген соң амалсыз ат айдаушыға қосылып кете барды.

Аламан бәйгеге айдалған аттар қайтатын уақыт болып елдің бәрі қыр басына жиналысты. Сағынайдың көңілі қатты алаңдаулы. Бәйгеден келер атаққа қызығып, қартайған Қашағанды аламанға зорлап қосып жібергеніне енді қатты өкініп тұр. "Жануар қалай болар екен" деп қояды ішінен. Қарашалдың құрығынан құтылып келгенде бетін зорға бері қаратып еді, енді мұнысын кешіре қояр мекен...

"Алдыңғы аттар көрінді"! деп шу етісті көпшілік. Ат келер тұсқа Сағынайда көз тікті. Қырағы көзі алыстан баран болып көрінген үш атты шалды. "Я, әруақ"" деп күбір еткен Сағынай Қашағанды күтіп алуға мәреге қарай ұмтылды.

Сайын даланың шаңын шығарған жүйріктер көз жетім тұсқа жақындай түсті. Топ жүйріктің алдыңғы легінде келе жатқан үш қараның қайсысы Қашаған екенін көрермен жұрт ажырата алмай дал болысты. Өйткені үш қарада бірі бірінен аумайтын ұқсас еді. Тіпті судың қос тамшысындай дерсің.

Мәреге жақын қалғанда Қашағанды қос қара қуып жетіп қатарласа берді. Тіпті екуіде алға озып Қашағанның танауына шаң иісі келе бастады. Өмірінде шаң қауып көрмеген Қашаған қанша барын салсада қос қараға жете алар емес. Өз шамасын білген есті жануар енді айлаға көшті. Құрықтай мойнын төмен салып жіберіп, қос құлағын жымита ұмтылып қос қараның оң жақ қапталын ала шапты. Қашаған айғырдың айбарын сезген қос қара іркіліп қалды. Айғырдың қақпайына бағынып оң жақ қапталдан ығысып артта қала берді. Үстіндегі шабандоз балалар қанша тебініп, қамшыласада қос қара қайтып Қашағанның алдына шықпай қойды.

Бұл бәйге алдында келе жатқан үш қараның өзіндік сыры бар. Қашағанның қақпайына бағынған қос қара да Қашағаннан түскен құлындар еді. Елдің ажырата алмай қалғаныда содан. Қос қарада Қашағанның көшірмесі дерсің. Тай күніне дейін үйірде жүріп Қашаған айғырдың шашау шығармайтын қатал тәрбиесіне үйренген жас қаралар әке тәртібін әліде ұмыта қойған жоқ. Қашаған тірі тұрғанда оларды алға шығармайды. Әкеге тартып туған қос қарада тым есті жүйріктер еді.

Әне, міне дегенше алдыңғы аттарда мәреге жетіп келді. Әтеттегідей Қашаған қара бірінші өтті. Тек, бұл жолы жеке дара келе алмады. Кәрі денесін сүйретіп, соңғы күшін сарп етіп, естілігімен амалдап әзер келді. Күншілік жерден шаптырған аламан бәйгеге күштеп салған, өзінен атақ, абұройды артық көрген иесіне деген өкпесіде бар. Өмірінде алдына қара салмай, бар жастық күш жігерін иесіне арнаған Қашағанның бұл дүбірлі алман соңғы шабысы еді.

Қиқулаған көпшіліктің алдынан абұроймен шауып өткен Қашаған Сағынай тұрған тұсқа келгенде кілт тоқтады. Тоқтадыда тосын мінез көрсетіп тулай жөнелді. Арқырай кісінеп аспанға шапшығанда үстіндегі Сағынайдың қарғадай баласын қалпақтай ұшырды. Артынан өңмеңдей ұмтылған иесіне бұрылыпта қарамады. "Қош" дегендей арқырай бір кісінеді де Қара тауды бетке алып тартып отырды. Сілейіп тұрып қалған Сағынай Қашағанның енді қайтып оралмасын жақсы түсінді. Түсінді де, "Қош" деп күбір етті. Соңынан қумақ болған балаларында тоқтатып тастады. Ұзақ жыл бірге жүріп әбден сыралғы болған ат пен адамның қоштасу осылай тым қысқа болды. Иә, тым қысқа, әрі өкінішті.

Қашаған сол кеткеннен мол кетті. Қайтып оралмады. Не өзін, не өлігін көрдім, білдім деген жан болмады. Жалғаннан көңілі қалған жануар жалғыз жүргісі келдіме, Я, болмаса жас күнінде атағынғана малданған адамзаттың алдында қартайғанда қадірінің болмасын түсіндімекен, кім білсін...

Айдар Темірбекұлы

​Доспанбет жырау. Қанатты сөзі. Қазанат
Махаббат туралы әзілдер. Махаббат, қызық мол жылдар туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу