Жылқы иісі...
04-11-2023
Доспанбет жырау айтады, "Арыстандай екі бұтын алшайтып, арғымақ мінген өкінбес!" Сол айтқандай Қазанатқа ер салып, салт мініп, сипай қамшылап, желдіре жортып отырсаң бір ғанибет емеспе. Қазіргі уақытта қазақтың дені қалада тұрғандықтан ат міну арман ғана. Керім мүсінді тұлпарларды кітаптан оқып, суреттен көріп, "пах!" шіркінай десіп, таңдай қаққаннан басқа амалы жоқ енді. Қазіргі "мықтымын" деген жазушыларда ат арқасында жүрмеген соң тұлпар сынын айтарлықтай ашып жаза алмайды. "Тағыда айта түссе" деп ашқарақтана оқығанмен соңына жеткенде айызың қанбай қалады. Амалсыз Ақан сері, Абайлар айтқан аттың сынына жүгінесің. Айтпағым жазушыларды сынау емес. Оларда атқа мініп көрмегенсоң, сұлулыққа сүйсіне қарап, жануардың табиғатын жан-тәнімен сезінбегенсоң жазған еңбегі қайдан жақсы шыға қойсын. Бір өкінерім, осынау таң ғажайып жаратылыстың керемет қадыр-қасиеттерін бүгінгі темір тұлпарға ауысқан қазақтың сезінбей кететіндігіғана. Уақыт өте келе жаратылысынан жан дүниесі жақын атпен қазақтың арасы алшақтап, қапыда айырлысқан бір туған баурлардың күйін кешеді. Сағына аңсап, жылы үй, жұмсақ креслода жылқының суретіне ғана телмірумен шектеледі. Қандай өкінішті, аянышты тағдыр, ә. Ұзақ ғасырлар бойы бірге жүріп, ыстық нанға жағылған сары майдай сіңіскен атпен қазақтың ажырауы ол бір үлкен қасірет, ұлттық қайғы. Қара баста қайғы көп қақсай берсеңнің кері ғой менікі. Анда-санда болсада атқа мінген қазқтың жаны жадырап қаларына күмәнім жоқ. Демек жанымызға ненің жақын екенін осы бір сәтте ғана сезінуге болады. Қаншама жылдар серік болып, қазақты бүгінгі күнге жеткізгенде осы жылқылар. Бұл біз үшін өткен тарих қана болып қалмауы керек, ағайын. Серігіңді ізде, атқа бар! Жақыныңнан ажырама қазақ!
Айдар Темірбекұлы