Қарт Қаратаудың етегіндегі қария. Жалған өмір туралы эссе
Мына қарт Қаратаудың етегін жайлаған аулдардың бірінде, Қошқарбай деген қария кісі болатын. Өзі ұзақ жасаған деседі. Сол кісі өмірінің соңына таман інілеріне айтқан екен, "Менің ғасырға жуық жасаған өмірімді қорытар болсам, Анаау, етектегі Қара шеңгелге барып келгенненде қысқа болды" деп. "Қара шеңгел" дегені ауылдан қозы көш жердегі қыстақ. Өлмелі қарт өтірік айтып қайтсін. Өмірді көрген соң айтады да.
Кейде өмір ағысымен арпалысып жүріп уақыттың қалай өткенін байқамай қалатынымыз да рас -ау. Қария айтқандай қысқа ғана ғұмырды мағыналы, мәнді өткізуге жазсын жаратқан. Саналы ғұмырымызда сансыз қиындық көрсекте, адамдықтың ақ туын жықпай жүрсек дейміз да. Сонда ғана алыс жолдан арып тоқтаған жолаушыдай артыңа қарғанда мына жалған дүниге көзің тойып, көңілің көншіп қалар мүмкін...
Айдар Темірбекұлы