Тек деген не?
"Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады" деп жатамыз. Оған қоса, "Тектілік секілді сатқындықта тұқым қуалайды" дегенде рас сөз. Өмірлік тәжірбиеден алынған ғой. Тарихқа үңілсеңіз, Сталиндік саяси репрессияның кезінде осындай сатқындармен жағымпаз, шолақ белсенділерден халық қатты зардап шеккен. Сол кездегі билікке адал болып, өз бауырын жаламен ұстатқан адамдар болған. "Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын" деген ұранмен қазаққа зобалаң әкелді. Ел ішінен шыққан шолақ белсенділердің сатқындығында шек болмады. "Қазақты алдындағы малынан айырсаңыз болды" дегенді айтқанда солар. Үйірлеп айдап, вагондап тасығанда бітпеген қазақтың жылқысын, үлкен бір сайға жинап мылтықпен қырып салған деседі. "Бұл не деген таусылмайтын мал" деп ашуланған орысқа, "Енді халыққа қыстың күні жүн салығын салыңыз" деп ақыл қосқанда сол жағымпаз сатқындар. Жүнін қырққан түйеннің құйқасы көрінетінін білетін қазақ ол. Ақпанның аязына қырқылған малын шыдата алмай, аштан бұралып жатқан бауырын аттап өткенде сол жағымпаз, сатықындар!
Сол бір зобалаң жылдарда, бас көтерген жақсыларды тұқым, тұяғымен құртты. Ал, сатқындар емін-еркін өсіп, өнді. Олардың ұрпақтары қазіргі уақытта ел ішінде көптеп саналады. Әр жерден бой көрсетіпте жүр.
Жағдай осылай болғанда, "кешегі күн тарих" деп қана қарауға болмайды. Тарихты жасайтын ұрпақтар бар екенін ескеріп, сатқындардан сақтанған жөн. Иә, тарих қайталануы әбден мүмкін.
Айдар Темірбекұлы