Өсиет әңгіме. Өзгенің киімі
Бір адам жария түрде Омар Хайямды балағаттай жөнеледі:
— Сен, опасыз! Ұрлықшы!
Мұндай сөздерге жауап ретінде Омар Хайам тек күлімсіреп тұра береді. Бұл көріністі байқаған бархыт киім киген белгісіз адам одан сұрайды:
- Мұндай дөрекілікті қалайша көтересіз? Сіз мұндай қорлыққа қалайша төзесіз? - деп.
Омар Хайам жауап ретінде тек күледі де:
- Жүр менімен, — дейді.
Белгісіз оның соңынан еріп шаң басқан сарайға кіреді. Хайам шамды жағып, сандықты ақтара бастайды. Оның ішінен түкке тұрғысыз жыртық халат алып шығады да жаңағы бархыт киген белгісізге киюді ұсынады.
Белгісіз халатты алып, ары қарап бері қарайды да таңғалыспен:⠀
— Маған мұндай кір киілген киім неге қажет? Мен тәуір киінгенмін, сіздің мұныңыз не? – деп, киімді өзіне лақтырып жіберді.⠀
— Көрдің бе? - дейді Хайам, — сен алба-жұлба киімді кимедің. Дәл солай мен де әлгі адамның лас сөздерін кимедім.
Мораль: Біреуге ренжу, әрекетін сөгу – ол дәл осындай киімді киюмен тең.