Ғибратты әңгіме: Дүниеде не қатты, не тәтті?

Oinet.kz 30-07-2020 1758

image.png

Баяғыда бір ғұлама қасындағыларға:

"Дүниеде не қатты, не тәтті?”- деп сауал тастапты.

Біреуі “жұт қатты, сүт тәтті” десе, екіншісі “қарғыс қатты, алғыс тәтті” депті.

"Жоқ, таба алмадыңдар, – депті сонда ғұлама, – тіс қатты, тіл тәтті. Ал енді осы екеуінің қайсысы өміршең?” “Әрине, қаттысы” депті қасындағылар.

Ғұлама басын шайқап: “тағы да таба алмадыңдар, қатты болса тістерің қайда? Ал тілдерің әлі күнге сайрап тұр!”- деген екен.

Ғибратты әңгіме: Үш үгіт
Өсиет әңгіме. Өзгенің киімі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу