Қаржы полициясының полковнигі өз-өзіне қол жұмсады

Oinet.kz 28-10-2010 778

Screenshot_1.jpg

Ақтөбе облысы бойынша  экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары өз-өзіне қол жұмсады. 

«26 қазан күні түс мезгілінде Елек өзенінің жағасынан отты қарудан алған жарақатынан қайтыс болған ер азаматтың мәйіті табылды. Тексеру барысында марқұмның 45 жастағы  облыстық қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары Қайрат Жолшыбеков екені анықталды,--деген ақпаратты Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратып отыр. Алдын ала жасалған болжамдарға қарағанда, қаржы полициясының полковнигі өз-өзіне қол жұмсаған. 

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай Ақтөбеде болған осы оқыс оқиғаға байланысты:

--Қайрат Жолшыбековтың өз өмірін қиюы оның қызметтік міндетімен байланысты емес,--деген мәлімдеме жасады. 

Марқұм Қайрат Жолшыбеков қаржы полициясының тергеуге қатысты жұмыстарына жетекшілік жасаған екен. Оның не себепті мұндай әрекетке барғанын анықтау үшін қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Қайран, халықтың ақшасы-ай…
Шымкенттің тарихына қатысты тың деректер табылып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу